БІЛІМДІ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК

12:00, 1 маусым 2020

Қарағанды қаласының мектеп түлегі - Мұхаммед Раис Оңтүстік Кореядағы беделді университеттердің біріне тегін оқуға грант жеңіп алды. 17 жасар түлек болашақта инженер болуды армандайды

Мұхаммед Раис -  «Білім инновация» лицей-интернатының түлегі. Оның    мамандығы физика пәнімен тығыз байланысты. Жас түлек әсіресе атом энергетикасына айрықша  қызығушылық танытады. Болашақта осы саламен тыңғылықты айналысуға шешімде қабылдап қойған. Білімді шәкірт Мұхаммед Оңтүстік Кореяда орналасқан Ұлттық ғылым және технологиялар институтына тегін оқуға гранттың иегері атанып отыр.

Мұхаммед РАИС, жас түлек:

-   Маған «Механика» бөлімі ұнады. Бұл автокліктер мен ұшақтардың қозғалысы. Менде әлі  электр қуатын жүйелеу бойынша кедергілер бар.  Енді мен университеттің «Ядролық инженерия» бөліміне  оқуға түскім келеді.

Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орнына грантқа түсу түлектер үшін оңайға түспеген. Тек, физикалық бағытта ғана емес, ағылшын тілінен де мықты білім қажет болған.  

Қанат ЕГЕНБЕРДИЕВ,  №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры:

-Биыл біздің оқу орнын 49 түлек бітіруде. Олардың тек 13-інде «Алтын белгі» белгісі бар. Олардың бірі - Мұхаммед Раис. Ол біздің білім ошақта бірінші сыныптан бастап оқиды. Түрлі олимпиадаларда өте жақсы білімін көрсете білді. Нәтижесінде, ол Оңтүстік Кореядағы беделді университетке түсті.

Шетелдегі университетті бітірген соң, Мұхаммед Қазақстанға қайтып келіп, алған білімімен туған елінің дамуы  үшін мол үлесін қоспақ...

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар