БІЛІМДІ БАЛАҒА ЖОЛ АШЫҚ

18:08, 20 мамыр 2019

19-шы мамырда дарынды балаларды оқытатын мектептерде қабылдау емтихандары болды. Талапкерлер сынақты Назарбаев зияткерлік мектептері бағдарламасы аясында тапсырды.Берілген тапсырмаларды оқушылар өз күшімен орындады. Ата-аналар оларды онлайн-жүйесі арқылы бақылап отырды. Осы іріктеу сынағы жайында білім басқармасының қызметкерлері журналистерге арнап бүгін баспасөз-мәслихатын өткізді

Аймақтағы 6 мектепте  дарынды балаларды іріктеу Назарбаев зияткерлік мектептері үлгісі негізінде өтті.Бұл бастама Қарағанды облысында  бірінші рет қолға алынып отыр.Балалар сынақты жазбаша  тапсырды.65 минут ішінде оқушылар математикадан 45 тапсырмаға және қазақ тілі  пәнінің логикалық сұрақтарына жауап берулері тиіс.Бір орынға шамамен 3 үміткер таласады.Сынаққа 4-сыныпты бітірген оқушылар  қатысты.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, білім басқармасының жетекшісі:

-Елбасы Назарбаев зияткерлік мектептері білім жүйесіндегі жетістіктерді  негізге алу  туралы тапсырма бергенді.Олардың 10 жылдан астам тәжірибесі бар.Қазір бір орынға 4 сыныпты тәмамдаған  3 оқушыдан келіп отыр. 5 сыныпта оқуға түскен шәкірттерді тереңдетіп оқытатын күрделі бағдарлама күтіп тұрғаны белгілі.

Бұл жүйе оқыту бағдарламасы бойынша пәндерді терең оқып, меңгеруге жол ашады. Орындалған тапсырмалардың дұрыс-бұрыстығы  Елордада құпия түрде тексерілетін болады

Айдана ШІЛІКБАЕВА, «Назарбаев зияткерлік мектептері» АБҰ төрағасының орынбасары:

-Осындай тәсілдің нәтижесінде адамдардың сырттан  қысым көрсетуіне жол берілмейді. Біз оны  тәжірибеден өткізгенбіз.Тәуелсіз мамандар мен сарапшылар емтихан материалдарын әзірледі.Оны бағалауға да енді сарапшылар мен бақылаушылар қатыстырылды.

Түскен оқушылардың тізімі ертеңгі күні ілінеді.Сынақтан өткен оқушылар  мектеп басшылығына шешім шығару үшін ұсынылады.Ал, қыркүйек айына қарай білікті оқушылардың мүмкіндіктері сараланады.Бір орынға таласқан екі  үміткердің жинаған  балдары тең болса, үміткердің  математика пәніне  қабілеті ерекше ескеріледі.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар