БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

13:37, 8 қараша 2019

Еліміздің бірқатар жоғарғы оқу орындары АҚШ-тың ілгері оқу орындарымен білім және ғылым жолында байланыс орнатуға ниетті. Отандық мамандар бұл сапалы кадр мен білікті маман даярлап шығаруға септігін тегізеді –дейді. Осы орайда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Сintana Education оқу орнының мамандары және қазақстандық ЖОО өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгінгі кездесудің мақсаты- АҚШ жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру. Сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес ғылыми және білім беру қызметінің сапасын арттыру болды. Бұл жоба жүзеге асса, сапалы мамандардың саны сөзссіз артпақ. Сондықтан уағдаластықтың береі мол.

Wadiah ATIYAH,  «MENA PhD» аймағының жетекшісі:

- Біздің ЖОО АҚШ тағы ең ірі мемлекеттік университет болып табылады. Онда 120 мың студент оқиды. Қазір басқа штаттар мен қатар Ресей мен Қытайда да филиалдар ашылды. Инновациялық тұрғыда біз НАСА мен бірлесіп, Марс та зерттеу жүргізіп келеміз. Сондықтан сіздердлің білім жүйесіне де тың жаңалықтар келеріне сенемін.

Университеттерді құру және басқару, академиялық мекемелерге арналған миссияларды стратегиялық көзқарас және жоспарлау, инновациялық академиялық бағдарламаларды құру және дамыту бұл аса маңызды.Бұған қоса  ол сапаны қамтамасыз етуді басқару, аккредиттеудің өмірлік циклдарын қалыптастыру, жеке мемлекеттік әріптестіктерді құру және инвестицияларды басқару мәселелері бойынша АҚШ пен шетелдегі білікті маман. Сондықтан оның тәжірибесін Қазақстанда қолдану білім саласына жаңашылдық әкеледі деп күтілуде.

Бақыт ЖӘУТІКОВ, ҚМИУ ректоры:

-Біздіің ҚМИУ-нің тарихы юай. Қазір халықаралық байланысты дамытудамыз. Мақсат бірыңғай алаң жасап, студенттердің біліктілігін арттыруға жол ашу. Бұл орайда сіздің тәжірибеңіз біздің оқу орнына оң ықпал етеді деп ойлаймын.

Жоба жүзеге асса ғылым, инновациялық технологиялар саласында халықаралық бағдарламаларды бірлесіп әзірлеп,  әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйеге интеграциялап, АҚШ ЖОО-мен қос дипломды білім берудің инновациялық академиялық бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және жылжыту жолдары дамиды.  Кездесу барысында университет қонақтары үшін материалдық-техникалық базамен таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар