БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

13:52, 2 қыркүйек 2019

Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 25 000 бүлдіршін аттап отыр. Бұл –рекорттық көрсеткіш. Сондай-ақ, 8 мың түлек осы жылы 11-ші сыныпты аяқтайды. Жалпы алғанда өңірдің 509 мектебінде 139 мың бала мен жасөспірім білім алуда. Ерлан Қошанов білім күні қарсаңында ауылды жердегі мектептердің жай күйімен танысты

Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер алаңсыз оқып, жоғары нәтижеге қол жеткізуі тиіс.  Ал, мемлекет оларға жағдай жасау үшін аянып қалмайды. Облыс әкімі Ерлан Жақанұлы мектеп оқушыларымен кездесу кезінде осылай деді. Аймақ басшысы Осакаровка кентіндегі тірек мектебі - ресурстық орталықтың оқушылары мен педагогтарын және облыстың барлық оқушылары мен мұғалімдерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Сіздердің міндеттеріңіз – жақсы оқу, ал мемлекет сіздердің балалық шақтарыңыз бақытты және әсерлі болу үшін бәрін жасайды. Бүгінде бұл үшін барлық жағдай жасалуда. Одан әрі білімін жалғастырғысы келетіндер үшін білім гранттары бөлінеді. Жұмыс істегісі келетіндер үшін жұмыс орындары құрылады. Биылғы жылы облыс бойынша 33 мың бос жұмыс орны құрылды.

Биыл Қарағанды облысында 186 білім беру ұйымы жөндеуден өтті. Бюджет есебінен білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы бойынша 4, 9, 10 сынып оқушылары жүз пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілді. 19:30 Өңірде тағы үш жаңа мектеп салынуда, сондай-ақ балабақша мен екі қосымша білім беру ұйымы ашылды. Осының барлығы мектепке дейінгі және мектеп оқушыларын 100 пайыз оқумен қамту үшін жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі.

Жанар ҚЫЗЫР, ата-ана:

-Біздің аудан үшін ерекше маңызды күн. Менің 3 баламда осы мектептен оқып бітірген. Міне қазір кенжесі оқып жатыр. Барлық балаларға мол білім алуын, ұстаздарға сәттілік тілеймін.

Салтанатты жиыннан кейін Ерлан Қошанов тірек мектебінде жұмыс қалай ұйымдастырылғанымен танысып өтті. Мұнда бүгінгі күні  689 адам оқиды, 87 мұғалім еңбек етеді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепке дейінгі сыныптар да бар. Пәндік кабинеттер жаңа модификациямен жабдықталған. Акт және спорт залдарында да қажеттіліктер жетіп артылады. Сандық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша Осакаров мектебі еліміздің алғашқы ондығына енді. Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен мектеп үшін Stem smart panel - 3D панелі сатып алынды. Атап өткен жөн, Қарағанды облысында барлығы 19 тірек мектеп жұмыс істейді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар