ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

13:49, 2 қыркүйек 2019

Жаңа мектепте– терең білімнен сусындамақ. Қарағандының Оңтүстік – Шығыс ауданында жақында ғана бой көтерген № 103 мектеп – лицейнің тұсауы кесілді. Саналы ұрпақ тәрбиесіне жауапты ошақ заманға сай оқу үрдісімен қамтамасыз ететін озық технологиялармен байытылған. Алдағы уақытта 1200 бала мектеп қабырғасында білім алады

Алғашқы қоңырау. Портфелін асынып, шоқ гүлін құшақтаған оқушылар мектепке асығуда. Алда оларды білім мен тын жаңалықтарға толы оқу жылы күтіп тұр. Ал, № 103 – мектеп – лицейінің оқушыларында толқыныс сезімі еке есе. Себебі олар жаңа маусымды жақында ғана бой көтерген білім ошағында бастамақ. Шымылдығы түріліп, тұсауы кесілген алтын ұяға сәттілік тілеп сөз бастаған атқа мінерлер интерактивті кабинет сертификатын табыстады.   

Серік ШАЙДАРОВ, облыс әкімінің орынбасары:

-Сіздер жаңа мектептің тарихын бастағалы тұрсыздар. Осы мектептің түлектері біздің еліміздің жарқын болашағы боларына кәміл сенеміз. Әрбір сабақ жаңашылдық сыйласын. Оқу жылы табысты болсын. Бүгін тамаша мереке аясында интерактивті кабинет сертификатын табыс етеміз.

Қанаты қатаймаған бүлдіршіндер жауапты сәт алдында қобалжулы. Биыл аталмыш білім ордасының табалдырығын 150 бала алғаш аттап, қуанышты сәттегі сезімдерімен бөлісті. Ал, ата – аналардың қуаныштарында шек жоқ.   

Мадияр ЖҮГЕНОВ, көпбалалы әке:

-Жастарымызға бүгінгі білім күні басқан қадамдары жақсылықтың нышаны болып, құтты болсын дейміз. Осы 103 мектеп - лицейі заманауи технологиялармен жақсы тұжырымдалып, қолжетімді матеиалдар мектепке қойылған.

Ел болашағының кепілі қашанда білімді ұрпақ екені мәлім. Сондықтан, өскелен буынға мемлекет тарапынан қолдаудың барлық түрі қарастырылған. Мәселен, мына жаңа білім ошағының өзінде ІТ және ғылым саласына бағытталған сыныптар, робототехника сыныбы және коворкинг орталығы бар.

Рахат ҚАЗТАЕВ, № 103 мектеп – лицейі директорының міндетін атқарушы:

-Бүгінгі күні 700 ден астам оқушы келді. Ол 32 сынып, 20- сы қазақ тілінде, 12 - сі орыс тілінде. Бірінші сыныпқа бес сынып келді, оның үшеуі қазақ тілінде, 2 орыс тілінде. Жоғарғы және 1 санаттағы мұғалімдер саны 52%. Сонымен қатар Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындарымен меморандум жасадық. «ҚарМУ», «ҚарМТУ», «Медакадемиямен» меморандум құрып, мұғалімдері бізге келіп дәріс беретін болады.

Мектеп қабырғасындағы барлық қосымша сабақтар мен үйірмелер мемлекет тарапынан қаржыландырылмақ. Лицейде білім алушылар сабақ оқып қана қоймай, жан – жақты дамуға да мол мүмкіндік алып отыр.   

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар