БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

17:45, 26 маусым 2019

Қарағандыдағы мектептерде оқушылар жыл санап артып келеді. Нәтижесінде 79 мектептің 13-і шамадан тыс жүктемемен қызмет етіп келеді. Бүгін бұл мәселені Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс 39-шы сессияда көтерді

Қала мектептерінде бүгінгі күні 67 мың шәкірт білім алып келеді. Жыл сайын оқушылар көлемі тағы 2 мыңға артады. Биылдан бастап меншікті мектептерде мемлекеттік тапсырыс орындала бастайды. Бұл шамамен 1080 орын.  

Ирина ЛЮБАРСКАЯ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Білім беруді қол жетімді ету үшін қалада дамыған мектептермен мектепке дейінгі мекемелер жүйесі жұмыс істейді. Оның 132-сі мемлекеттік 61-меншікті. Инновациялық мектепр саны артты. Қазір ондай 17-мектеп бар. Күндізгі оқуда қазір 67576 бала білім алоып келеді.

Атап өткендей қазір 13 мектеп күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Әсіресе оңтүстік шығыс ауданында бұл мәселе күрделене түскен. Жаңа 600 орындық мектептер қазір 30 және 11-ші шағын аудандарда салынып жатыр.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Жаңа мектептерді салу ісі құптарлық. Бірақ ол қосымша ресурс пен коммуникацияны қажет етеді. Алаңы үлкен мектептер бар, солардың қасына да салуға болдаығой. Осылайша орын жетіспеушілігін жоюға болады.

Биыл жаңартылған білім жүйесі бойынша 11-ші сыныптан өзге барлық сыныптар оқытыла бастайды. Қаладағы 23 мектеп базасында көптілді білім беру жүйесі жүргізілуде.Биыл қала бойынша 54 оқушы алтын белгісін алса, 44-і қызыл аттестат иеленген.

Татьяна КРАВЧЕНКО, Қарағанды қалалық мәслихат депутаты:

-Бүгінгі сессия 19-19-шы жылғы оқу жылының қортындысына арналып отыр. Нәтиже бар. Келер оқу жылына дайындықты бастау үшін кей мәселелер шешімін табуы керек деп ойлаймын.

Ал , Әсел Бекбаеваның пікірінше көпбалалы отбасылардағы балалардың тегін оқуы шешімін күтіп тұрған мәселе. Меншікті мектептерде оқытылатын ағылшын тілі, математика, сурет салу сабақтары олар үшін де қол жетімді болуы тиіс. Мұны мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы да жүзеге асыруға болады.

Әсел БЕКБАЕВА, Қарағанды қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

-Кейбір ұйымдар мемлекет тарапынан қолдау болса, балаларды алуға дайын. Меншікті компаниялар мен репититорлар бар. Осындай оқытамыз деп отырған орындарға мемлекет тарапынан қолдау бола ма?

Ирина ЛЮБАРСКАЯ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Бюджеттік бағдарлама аясында қаржы бөле алмаймыз. Бұл сұрақ демеушілдер есебінен ғана шешімін таба алады. Не ата-аналар ақша төлеуі тиіс. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандар бар. Бұл сұрақ бойынша білім және ғылым министрлігіне хат жолдаған.

«Мектепке жол» бағдарламасы аясында жүздеген аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құралдар сатып алынған. Осымен 3 жыл ортамектеп өкілдері қажетті кітаптармен қамтылған. Биылғы жылдың 1-ші маусымынан бастап электронды портал іске қосылды. Енді 1-ші сыныпқа баратын балалардың ата-аналары сабылмастан құжат тапсыра алады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар