БІЛІМ БЕРУ - БАСТЫ БАҒЫТ

16:12, 18 сәуір 2019

Қарағанды облысының оқу орындарында цифровизация қарқынды дамуда. Облыстағы бірқатар мектептер мен колледждерді аралап шыққан ҚР Білім және ғылым министрінің пікірі осындай. Күләш Шамшидинова әр пән бойынша сабақтарға қатысып, ұстаздардың білім берудегі әдіс тәсілдерін назарға алды

Нығмет  Нұрмақов атындағы   мамандандырылған мектеп-интернатының  оқушыларына еліміздің бас мұғалімі «Өзге тілдің бәрін біліп өз тіліңді құрммеуге» шақырды.  Жаратылыстану пәндері тек ағылшын тілінде жүргізілгенімен оқушылар үш тілді жетік біледі.

Мектеп жаңа инновациялық технологияны қолданатындарынмен мақтана алады. Химия , физика, биология, математика пәндеріне Зейспейс жаңа компютер сатып алған. Мұндағы экранмен көзілдірік  әр  детальды айқын көрсетеді.  Яғни, оқушылалардың тәжірбиелік  жұмыстарын вертуалды түрде көруге үмкіндік береді.

Аити сыныпта оқушылардың ойлап татқан роботтары таныстырылды. 20 дан астам жобаның өзі 38 медаль жеңіп алған. Соның 30 халықаралық деңгейдегі байқау.

Мағжан ҚАУЛАНОВ, мұғалім:

-Жақында өтіп кеткен халықаралық жарыста бірінші орын алған роботымыз. Бұл жарысты ұтып алған оқушымыз қазіргі сәтте Америкаға дайындалып жатыр. Айдың соңында Америкаға басқа жарыстарға қатысқалы отыр.

Ал техникалық құрылыс коледжінде Күләш Шәмшидинова жуырда ғана салынған жылыжай кешеніне оң бағасын берді. Мүмкіндігі шекутеулі Абай Сыздықовтың жобасына жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Әзірге мұнда гүл өсірілуде.

Күләш ШӘМШИДИНОВА, ҚР Білім және ғылым министрі: 

-Бұрыңғы жұмыста істеп жүргенде колледж жұмыстарымен танысқан кезде осы жерден балалар жылыжай жобасын жасап жатты стартап ретінде. Сол кезде мен ойладым бұған әлі екі айдың уақыты болған жоқ, ққалай болады екен деп. Енді бүгін қарап отырып жылыжай дайын. Қазір «Ауыл туған бесігім» деген жобаларбар ғой. Сондықтан сол мектепті бітірген түлектер арасындағы жағдайы барлар ауылдарына жіберіп жатса игі еді.

Колледж әлеуметтік серіктестік аясында  мердігер компаниялармен тығыз жұмыс істейді. Құрылыс компаниялары биыл студенттерге бұзылған ғимаратты қайта қалпына келтіру және  5 қабатты тұрғын үй құрылысының   жобасын дайындауды жүктеген.  Талапкерлер жобаны  цифрлы бағдарламалар арқылы озық технологиялар көмегімен  жасап шығарған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар