БІЛІМ. АШЫҚТЫҚ. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ

16:15, 11 қазан 2019

Қарағанды облысының білім ошақтарында ашықтық ұстанымы кеңінен орнауда. Мемлекеттік қызмет үлгілері сандық технологияға бет бұрған саланың қамқоршылық кеңесінің ережесі түсіндіріліп, жемқорлыққа қарсы бірлескен жұмыстар сараланды. Осы мақсатта облыстық білім басқармасы алуан түрлі жобаларды іске қосуды көздеп отыр

Білім ошақтарының қамқоршылық кеңесі мүшелерінің басын қосқан жиынға әлеуметтік серіктестік, қоғамдық ұйымдар мен бірнеше басқарма, бөлім басшылары қатысты. Басты мақсат- қамқоршылық кеңесінің жұмысын жетілдіруге  бағытталған. Мысалға, облыс орталығында арнайы фронт-кеңсе ашылып,   мәселелер бір терезе қағидасымен назарға алынбақ. Бұл жалпы халықтық сұрақтардың жауабын табуға таптырмас кеңсеге айналады деп күтілуде.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы:

-Қоғамдық қорлар ата-аналардың қалай жұмыс істеуі керек. Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру  ережесі уақыт өте ескірді. Соны уақыт ағымына сай қайта қарайтын уақыт келді.  Осындай жиындар өте қажет деп есептеймін. Қамқорлық кеңесі жұмысын жақсы жүзеге асырғандар бар, керісінше оны дұрыс іске асыра алмай отырғандар да бар.

Сондай-ақ, алдағы жұмада «Адал бөбек» жобасы ұсынылмақ. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ширатып, ашықтық пен адалдық жобасы аясында жүзеге асатын болады. Жиын барысында, қамқоршылық кеңесінің міндеті мен бастамалары айтылып, білім ошақтарындағы келеңсіздіктерді болдырмау жолдары қаралды.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

-Мектепке дейінгі даярлау мекемелерінде арнайы жоба ұсындық. Орта білім беру ұйымдарында қамтитын боламыз. 26 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет бойынша тексерістер жүргіздік. Заң бұзушылық тіркелмеді, барлығы талапқа сай жұмыс жасап жатқанының куәсі болдық.

Жиында қамқоршылық кеңесінің өкілдері де көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды. Көпшілікті алаңдататын мәселе  - білім ошақтарының құрылысын жүргізуде кездесетін  келеңсіздіктер мен ата-аналар арасындағы түсініспеушілікті болдырмау жағы талқыланды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар