БИЛІК ӨКІЛДЕРІНЕ СЕРПІН БЕРГЕН СЕМИНАР

17:33, 11 шілде 2018

Қарағанды облысының билік өкілдеріне «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы кеңінен айтылды. Берері мол бастаманың жаңашылдықтарын тараптарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің мамандары тәптіштеп түсіндірді

Қарағандыда билік өкілдерінің қатысуымен семинар өтуде. Ашық пікір алаңына айналған басқосуда тараптар «Нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті  дамыту» бағдарламасының тиімді тұстарын іріктеп, жіліктеп жеткізді.  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржы ұйымдарының  мамандары аталған бастаманың жаңашылдықтарын жеткізумен ғана шектелмей жеңілдіктерін де нақтылап меңзеді. Ал, дәл осы іспеттес  семинар жыл сайын жалғасын табатынын айтады жауаптылар.

Ермек АБУОВ,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Стратегиялық жоспарлау және талдау» департаментінің директоры:

-Осы алдағы 10 жылда  Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында  5 жылдың ішінде өнім көлемін екі жарым есеге өсіру болып табылады.Сондықтан, бұл таптырмас бағдарлама. Нәтижесінде, мал шаруашылығы қарқынды дамиды деп ойлаймыз.

Бұл жолы аудиторияға жиналған қауымның қарасы қалың. Бағдарламаның  бір емес,  бірнеше бағытын білгісі келгендердің дені аймақтың аудандарына қарасты  ауылдық округ әкімдері және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары. Жалпы саны 400-ден астам адам төбе көрсеткен алқалы жиында олар біліктілігін арттырып, білімін жетілдірді.

Серік ІЛИЯШОВ,  Темірші ауылдық округінің әкімі:

-Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан бағдарлама ауыл шаруашылығын дамытуға  өзінің бір үлесін қосады. Біз осыдан көп мәлімет алдық.Семинар  шаруларға көптеген пайдасын тигізеді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын 2021 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.  Жарқын болашаққа жол ашатын жоба халықты жұмыспен қамтумен қатар, әлеуметтің әлеуетін әлдендіруге сөзсіз септігін тигізеді,- дейді министрлік өкілдері.

 Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар