БИЛЕР КЕҢЕСІ ІСКЕ КІРІСТІ

13:48, 15 наурыз 2019

Қарқаралы ауданында билер кеңесі өз жұмысын бастады. Аталған құрылым жергілікті тұрғындар арасында туындаған келіспеушілікті мәмлегерлік жолмен шешуға мүмкіндік береді.Кеңес кеңсесінің ашылу салтанатына атқаруші билік пен халық қалаулылары және ардагерлер қатысты

Қарқаралы ауданындағы билер кеңесінің кеңсесі салтанатты жағдайда ашылды.Сот саласының мамандары мен халық қалаулылары және жергілікті билік өкілдері де  шараның бел ортасынан табылды. Тұсаукесер рәсіміне арнайы келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жаңа құрылымның жұмысына табыс тілеп, ізгі  лебізін жолдады.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Құрметті ағайын! бүгін біз сапарда жүргенде бір жақсы ауданның орталығында өтіп жатқан іс-шараның күәсі болып отырмыз. Біздің бар мақсатымыз сол халықтың назарындағы бүгінгі заң талабына сай сәйкес орындалуын қадағалау мәселесі.Осы бүгінгі сіздердің істеп отырған іс-шараларыңызға байланысты біз жақын арада Атырау облысында болып,  отырыс өткіздік.Сол отырыста осы медиация алдын ала келісу мәселелері бойынша заңның формасын қарадық.

Жаңадан құрылған билер кеңесінің құрамы  жеті ардагермен толықты. Шуақты шара шеңберінде мүшелікке енген қазыналы қарияларға арнайы куәліктер  табысталды.Ал бірегей бұл құрылым енді аудандағы азаматтармен ерлік-зайыптылар  арасындағы дау-дамайларды бітімгершілікпен шешілуіне жол ашады. Сонымен қатар тараптар билер кеңесінің қызметін  жандандырып ғана қоймай, жігерлі жастарды руханиятқа  баулуға аянбай атсалысады.Өлкеде қоғамдық тәртіпті қадағалауға байланысты алдын алу  шараларына ерекше екпін қояды.

Халел МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының әкімі:

-Билер, шешендер біздің ауданымызда көп болған. Билер кеңесінің атқаратын рөлі ерекше деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз қанатты сөздерді тегін айтпаған.

Билер кеңесінің  жұмысында ашықтық  басты назарға алынатынын айтады кеңес мүшелері.Атқарылған ауқымды  істер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үздіксіз жарияланады.Айталық билер кеңесіне мәдениет үйі жанынан кеңселік бөлмелер берілген.Игі бастамаға  Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов қолдау көрсеткен көрінеді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар