БИІК БЕЛЕСТЕРДІ КӨЗДЕЙДІ

15:20, 5 қыркүйек 2019

Спорт тарихында алғаш рет жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық синхронистер 6-орынға ие болды. Ұлттық құраманың басым бөлігі біздің спортшыларымыздан тұрады

Көркем жүзуден біріншілік Словакия төрінде өтті. Мұнда 13 – 15 жастағы қыздар бар шеберліктерін ортаға салады. Олар соло, дуэт, құрамдастырылған топтар бойынша бірнеше бағытта сайысты.  

Дарина ВАЛИУЛЛИНА, әлем чемпионатына қатысушы:

-Құрамдастырылыған топта 10 адам өнер көрсетеді. Сондай – ақ, бес адамға да бөліне алады және соло мен дуэттерге де. Әркім өз шеберлігін баршаға паш етеді. Біз топпен өнер көрсеткенде өте күрделі бағдарламаны алып шықтық. Ол «скелетон» деп аталады. Онда барлығы 8 адам бір мезетте және бірдей қимылдауы керек.

Ясмина ТҰЯҚОВА, әлем чемпионатына қатысушы:

-Барлығызы өз алдына қиын. Қиындық барлық жерде бар. Сондықтан тырысу керек, тынбай тер төгіп, дайындалу керек. Сонда ғана оң нәтиже болады.

Иә, алтыншы орын жүлденің қатарына жатпайды. Бірақ, бұл команда үшін өз алдына бір жеңіс. Қарағандылық спортшылар турнир нәтижесі бойынша мықтылар қатарына қосылды. Мұндай көрсеткішке жас спортшылар үздіксіз дайындықтың арқасында жетіп отыр. Себебі, олар әр тәулітің 5 сағатын бассейнде өткізеді.

Синхронды жүзу - мәнерлеп сырғанау сияқты - спорт пен бидің бір жерде тоғысуы. Аталмыш спорт түрі икемділікті, су астында берік тұруды және ырғақтық шеберлікті дамытады. 

Оксана МОСКВИЧЁВА, облыстық жастар құрамасының жаттықтырушысы:

 -Біз әрқашан санап отырамыз. 1ден 8 – ге дейін – осылай барлық бағдарламалар біткенге дейін санаймыз. Мысалға 5 дегенде олар барлығы бірдей қимылдайды, ал 1 – дегенде басқа әрекет орындалады. Есепті әрқашан ойларында сақтайды. Бір қимылды үш сағат бойы үйренетін кездер болады.

Қазір облыстың жастар құрамасы Үнді елінде өтететін Азия чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар