БЕТПЕРДЕЛЕРДІ ТЕГІН ТІГУДЕ

12:40, 26 наурыз 2020

Белсенділер бастамасы, күніне 500 бетперде! Нұра ауданының волонтерлері де түрлі вирустан сақтану үшін, қажет бетперделерді тегін тігуде. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына берілген бес күндік демалыста да волонтерлер тыным таппай еңбек еткен

Бұл - Нұра ауданы орталығындағы көп салалы колледждің тігін цехы. Бір күнде 500 бетперде. Тігінші мамандығын оқып жатқан студенттер дәріханаларда медициналық бетперденің жетіспеуіне байланысты, осы шараны қолға алған. Тігуге қажетті дәке, резеңке толықтай медициналық ережеге сай. Олар қолдан жасаған дайын өнімдерін арнайы конвертке орап таратуда.

Әйгерім ТАШМАҒАНБЕТОВА, колледж студенті:

-Аптекаларда маска жетіспейді халыққа дегенді естіп, қолдау көрсетуді жөн санадық. Барлығы да сапалы. Жуып, бірнеше рет киюге болады. Мамандығым тігінші. Қолданыстағы маскаларға халық жақсы бағасын беруде.

Кристина ПЕНКОВА, колледж студенті:

-  Бетперделердің тігілуінің де өз ерекшеліктері бар. мысалға, үлкен кісілерге бір бөлігін, шағын етіп балаларға бір бөлігін жасаудамыз. Осы жерде оқимын. Күнделікті тігілетін бетперделердің санын арттыра түсуді көздеудеміз.

«Барлығы талапқа сай болуы тиіс», - дейді волонтерлар. Бұл бетперделерді әр 3-4 сағат сайын жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында волонтерлер тігілген бетперденің бірқатарын тегін таратса, қазір медициналық мекемелерде сатылмға қойылған.  Әлемді алаңдатқан жұқпалы індетке қарсы қолға алынған шара аясында тігіншілер бес күн демалыста 2000-нан астам бетперде тігіп үлгерген.

Қорлан ҚАСЕНОВА, тігін цехының жетекшісі:

-Сапа жағынан өте жақсы, 100 пайыз. Тексеруден өтті. Әкімдіктің қолдауымен. Осындай қызмет жасап, қолдау көрсетіп жатқанымызға өте қуаныштымыз. Қазіргі таңда Нұра ауданы бойынша таратып үлгердік.

Волонтердер ең бірінші кезекте қоғамдық орындарда жиі жүретін жұмысшылар мен әлеуеттің осал топтарын қамтуға басымдық бермек ниетте. Әрбір тігінші жас - күніне кемінде 50 бетпердеден жасауға машықтанып алған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Тігін цехында қазір 9 волонтер тігінші қызу еңбектенуде. Осы жерден алынған өнім бірден медициналық мекемелерге жеткізілмек. Алынған өнімде сапалы, баға да қожетімді дейді, - олар. Бұдан өзге нұралық жастардың Волонтерлер жылы аясында жасайтын жұмыс жоспарлары жетіп артылады. 

Жаңа ғана тігіліп шыққан бетперделерді гигиеналық тазалық үшін бірден киюге болмайды. Алдымен, бір рет жуып, бірнеше рет қолдана беруге болады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар