ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАНЫҢ ШАРАПАТЫ

12:41, 26 наурыз 2020

Сәтпаев қаласының волонтерлері жерлестеріне көп реттік медициналық бет-перделерді тегін таратып,қайрымдылық жасады.Себебі мысты өңірде соңғы төтенше жағдайларға орай аталмыш гигеналық жабдықтардың тапшылығы байқалған

Академик, Қаныш Сәтбаев атындағы қаланың волонтерлері  шамамен 300-ге жуық көп реттік бет пердені тегін таратып, сауапты іс жасады.Олар сонымен қатар, коронавирустен сақтандыру туралы ескертпе қағаздарын да, тұрғындар арасында үлестірген.Сондай-ақ, түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Ардақ ТОЙЛЫБАЕВА, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы:

-Біз бәріміз бірдей атсалысу мақсатында, еріктілер жылында үлес қосайық деген ниетпен маска тігіп, халыққа тегін түрде таратып жатырмыз. Оған әкімшіліктің қолдавуы өте жақсы болды.

Бет-перделер  - медициналық нормаларға сай, таза стерилді түрде дайындалған.  Атап өткен жөн, шараға жастардан өзге, орта буындағылар да   қатысып, қазіргі ахуалға бей-жай қарамайтындарын көрсетті. Естеріңізге салсақ, жалпы аймақ бойынша  124 адам карантинде жатыр..    

Ардақ ТОЙЛЫБАЕВА, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы:

- Бірнеше күннің ішінде 250-300-ден астам маска тараттық. Халық арасында үлкен қолдау тауып жатыр, сондықтан бұл іс шара әлі де жалғасын табады.

Бір атап кетерлігі, олар  бет- пердені өз қаржысына тіктіріпті. Ал, тігіншілердің айтуынша, бір медициналық бет-пердені дайындау үшін 10-15 минут уақыт кетеді екен.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар