БӘРІ ДЕ - ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН!

15:33, 15 мамыр 2019

Маусым айынан бастап Қарағанды қаласындағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін өседі. Аз қамтылған және көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады Осы мақсатта қалалық қазынаға қосымша қаржы аударылды. Жағымды ақпарат бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының 38 кезекті сессиясында мәлім болды

Қарағанды қаласының 2019 жылғы  бюджеті 74 миллиард 17 млнды құрайды.  Ерекше назар әлеуметтік салаға аударылып, бұл салаға қосымша 3 милиард 249 млн қаржы бөлінген. Яғни атаулы әлеуметтік көмек алуға,  жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға дейін өсіруге бағытталған.  Бұл келелі мәселелер  бұған дейін мәслихат депуттаттарының үнемі назарында болған. Бүгін халық қалалулылары бюджеттегі өзгерістер мен толықтыруларды бір ауыздан құптады.

Айнұр АПАҚАШОВА, Қарағанды қалалық  экономика және қаржы бөлімінің басшысы:

-Nur Otan18 съезінде қабылданған шараларды қаржылай қамтамасыз етуге бөлініп отыр. Сонымен қатар Қарағанды облыстық төңірінде қосымша шаралар көп балалы отбасыларын қамтамасыз етуге бағыталған. Инфроструктура құрылымдарын әрі қарай дамыту құрылыстары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек,сессияда алдағы  жылу беру маусымына дайындық барысы да  пысықталды. Қазір қысқа қамдану шаралары басталып кетіпті.  Коммуналдық қызмет саласына  қазынадан  15 млрд-қа жуық қаржы бөлініп отыр.  Бүгінде №1 және №3 жылу энергия орталықтарындағы   қазандықтар мен  трубиналарды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының 15 дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, биыл 22 шаршы метрлік жылу желісі де  жаңартылады. 

Сәбит ОСПАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 миллиардтан астам қаржыға жылу желісі жөнделеді. Бұл Республика даңғылындағы және Чапаев көшесіндегі сагистралды желі. Сонымен қатар жаңа жоба №5 магистарлды желіні жаңалау жұмысы. Бұл жаңа орталықтағы нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін маңызды.

Бұдан бөлек кәсіпкерлікті дамыту бойынша  тұрақты комиссияның есебі тыңдалды. Бүгін осы мәселелермен қатар қаланы аббаттандыру мен гүлдендіру бағытындағы тың жобалар  да таныстырылды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар