БАЗАРДАН ӨРТ ШЫҚТЫ

17:04, 15 қыркүйек 2020

Бүгін таңертең «Алтын арба» базарындағы сауда контейнері отқа оранды. Оқиға орнына 30 өрт сөндіруші мен 7 арнайы техника келді. Қызыл жалын салдарынан 2 шаршы метр аумақта жиналған маталар жанып кетті. Сондай-ақ контейнердегі пенопласпен қапталған 6 шаршы метр жерді жалын шарпыды. Тілсіз жау дер кезінде сөндіріліп, жапсарласа орналасқан нысандарға таралуына жол берілмеді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

 

 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар