БАТЫРЛАР ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

15:19, 8 мамыр 2019

Облыстық мұрағатта Ұлы отан соғысының ардагері Кәмали Кенжетаев пен облыстық музыка мектебінің негізін қалаушы және алғашқы директоры болған Қобланды Нұрбаевтарды еске алуға арналған шара өтті.Кеш аясында «Тарихи есімдер» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылып,фильм мен слайдтар көрсетілді.Ол, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 74 жыл толуына орай ұйымдастырылған

Облыстық мұрағатта өткен ауқымды басқосу шарасына қос тұлғаның ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері естеліктер айтып,олардың өмір жолына айрықша тоқталды.

Жанагүл ТҰРСЫНОВА, «Қарағанды облысының мемлекеттік архиві» ҚММ басшысы:

-Осындай шаралар өткізу ұрпақ үшін қажет.Өйткені ата-бабаларының ерліктері ия болмаса, атқарған абыройлы қызметтері жайлы білуі қажет.Сондықтан осындай шаралар өткізу арқылы ұрпақ санасын оятуға мол мүмкіндік ба.

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Кәмали Кенжетаев небәрі 17 жасында соғысқа аттанады. «Харков операциясына» қатысады. Ол, «Дуглас-205» конц лагеріне тұтқында болып,кейін Кеңес әскерлерінің күшімен босатылады,Сөйтіп, 1947 жылы наурызда Германиядағы оккупация күштерінің құрамындағы қызметін аяқтап, елге ерлік пен оралады

Аталарының  өшпес ерлігі мен қаһарамандығы  батыр ұрпақтарына мәлім.

Марат КЕНЖЕТАЕВ, батырдың ұлы:

-Әкеміз, Кәмали Кенжетаевтің құжаттарын қабылдауға оның тұсаукесерін өткізуге мұрағат басшылығы қолдау көрсетті.Ол кісілерге айтар алғысым шексіз.

Ал, екінші кейпкеріміз  облыстық музыка мектебінің негізін қалаушы  Қобланды Нұрбаев.Ол  6 жыл  өнер ордасына басшылық жасап,артынан өнегелі  мұра қалдырған.Қобланды Ғалиұлы, Мәскеу, Ленинград,Тбилиси, Кишинев және Алматы консерваторияларының түлектері мен көрнекті музыканттардың басын қосып,педагогикалық өнер ұжымын  құрған. Араларында  танымал тұлғалар да болған.

Орлан НҰРБАЙ, қала тұрғыны:

-Колледждің қалыптасу тарихы ертеден басталады.Алғашқыда балалар музыка мектебі,одан кейін Тәттімбет атындағы өнер колледжі болды.Әкем оның қалыптасуына сүбелі үлес қоты.

Қарағанды облысының мемлекеттік архивінде   мұндай  тағылымды кештер келешекте жалғасын таппақ.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар