БАТЫР ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

14:36, 8 мамыр 2019

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраев атындағы гүлзарға №68 мектеп оқушылары жүздеген көшеттер отырғызды.Осы шара аясында оқушылар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, соғыс ардагерлерін құттықтады

Мектеп оқушылары  даңқты батыр атындағы  гүлзарды тазартып-абаттандырып, жас көшеттер отырғызуды  дәстүрге айналдырған.

Жанділ МҰХТАРОВ, Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты:

-Бұндай шараның керектігі сөзсіз. Өйткені, ҰОС жеңісті біздің балаларымыз, немерелеріміз ұмытпауы керек. Сондықтан осындай шара болып жатыр.

Мартбек Мамыраев 1908 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Днепрды жаудан азат ету жолында көрсеткен ерлігі үшін Мамыраев КСРО Жоғары Кеңесінің Президиум Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы беріліп,  Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған. Кеңес әскерінің құрамынан соң Мартбек Мамыраев Киров атындағы шахтада партия ұйымын басқарды.Кейін Қарағанды қаласының Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Өмірінің соңғы жылдарында химия-металлургия институтында еңбек етті.

Жаңбырбай АМАНДЫҚОВ, тыл еңбеккері:

-Өте қиын жағдай болды. Соғыс болмасын, жастарға бейбітшілік берсін, ұрпақтар тыныш болсын.

Оқушылар бейбіт заман сыйлаған  екінші дүниежүзлік сорғыстың ардагерлерін шақырып мерекелік концерт қойды.Шара соңында оларға шағын сыйлықтарын табыс етті.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...