БАТЫР АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

17:08, 10 желтоқсан 2018

Кеңес одағының батыры белгілі ұшқыш, жерлесіміз Қарқаралы топырағының төл-тумасы Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир Қарағандыда өз жалауын көтерді. Алыс және жақын шет елдерден әйелдер арасындағы грек-рим және еркін күресі бойынша спорт шарасына 400 ге жуық үміткер қатысуда.

Кеңес одағының батыры Нұркен Әбдіровтің қаһармандығы мен ерлігін еске алуға арналған турнирдің кезекті біріншілігі өтуде. Бұл жарыс қазыналы қаламызда осымен  51-ші рет ұйымдастырылуда. Қатысушылар құрамы жыл сайын артқан. Оларға қойылатын талап та аңағұрлым жоғарылаған. Бұл жолы нәзік жандылар грек-рим және еркін күрестен өзара сайысып, мықтыларды анықтамақ.

Әбубәкір ӘБДІРОВ, Н. Әбдіровтың немересі:

-Осы турнирге келіп қатысқаныма -50 жылдай уақыт болды.Бұған дейін Нұркен Әбдіровтің анасымен бірге келіп жүрдім.Ол,дүниеден өткен соң жалғыз келе бастадым.Анда-санда балаларым мен немерелерімді әкелемін

Қатысушы,Талехандро Велагомес бұл турнир жайлы тараздық таныс  аудармашыдан естіп білген. Еркін күрестен әлем чемпионы осыған қатысу үшін Эквадордан арнайы келіпті.Оңтүстік америкалық спортшы біздің жақтың  ауа-райының суықтығын айтады. Оның пайымдауынша  қызықты күресті осылайша қыздыра түспек

Талехандро ВЕЛАГОМЕС,  Эквадор спортшысы:

-Қазақстандықтармен ешқашан күресіп көрмеппін.Әлгінде ғана сіздің елдің спортшыларының бірі жеңімпаз атанды.Оның үстіне боксшы Геннадий Головкинннің де ұрыстарын мүлт жібермей көріп отырамын.

Бұл турнирде жеңіске үміттілер арасында Алматы,Павлодар және ресейлік спортшылар да бар.Алайда, жерлестеріміз алғашқы күннен бастап-ақ, жақсы нәтижелер көрсетті. Төрт спортшы өз салмақ дәрежелері бойынша финалға шықты

Асқар БАКБЕРГЕНОВ, еркін күрестен аға жаттықтырушы:

-Қарағанды облысының құрама командасы 22 адаманан тұрады. Бұл сайысқа халықаралық дәрежедегі  спорт шеберлері мен  Азия және әлем чемпионатының  жеңімпаз спортшылары да бар.Ең күшті құрам мен қатысып  отыр.

Грек-рим және еркін күрестен әйелдер арасындағы турнир 12-ші желтоқсанға дейін жалғаспақ. Осы аралықта  сайыс жеңімпаздары анықталада.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар