БАТЫР АНА АРДАҚТАЛДЫ

17:34, 12 наурыз 2018

Батыр анаға құрмет, сізбен бізге міндет

Тыл ардагері, асыл әже Кенжехан Есенқұлованы  «Нұр Отан» партиясы мерейтойымен арнайы құттықтады. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған елге сыйлы кейуана «Алтын алқа» иегері. Зейіні зерделі зейнеткер Кенжехан Есенқұловаға  «Нұр Отан» партиясының өкілдері үнемі ыстық ықыласын білдіруді ұмытпайды.Қайта құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасауды перзенттік парызы санайды.Тыл ардагері талай қиындықты табандылық танытып жеңе білді. Абыз кеуделі асыл ана  он екі баланы ешкімнен кем қылмай, еншісін бөле жармай тәрбиеледі.Ақылы дария, көпті көрген кейуананы  еселі еңбек ерте есейтті. Өнегелі жан адамгершілік қасиетінен айнымады. 

Кенжехан ЕСЕНҚҰЛОВА батыр ана 

Мені  ұмытпай ескеріп жүретін азаматтарға алғысым шексіз.Еліміз гүлдене берсін.Барлық жанұяға бақыт пен денсаулық тілеймін.

Кемел ойлы Кенжехан Есенқұлова белі қатпаған балғын шағыннан бастап, жанын салып жұмыс жасады.Соғыс жылдары ерлермен  бірге аянбай қызмет етті. Ал бейбіт заманда балалар интернатында мехнатты мамандық  мұғалімдікті  абыроймен атқарды. «Алтын алқа» игері қызыр қонып,құт дарыған әулеттің айрандай ұйыған ұйытқысы қана емес, мәуелі бәйтерегі.

Айгүл ЖАҚСЫБАЕВА  К.Есенқұлованың қызы

Асыл анамыз біздің баға жетпес байлығымыз.Әрдайым балаларына ақыл кеңес беріп, қолдап отырудан бір жалықпайды.Ол кісінің  түйсігіне түйген ойлары  өміріміздің тағылымды тәмсілі.

Биыл  ардагер сексен төрт жасқа аяқ басты.Қазыналы қария  немеренің арасында көңілі ортаймай, жүзінен нұр таймай бақытты ғұмыр кешуде. Кенжехан Шаймағанбетқызы саналы ұрпағына әсерлі әңгімелерімен, естелік суреттерін бөлісугеде уақыт табады.Ең бастысы зейнеткердің үрім-бұтағы әзиз әженің өмір өткелдерін ұлағатты ұстын деп бағалайды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
16:20, 20 маусым 2018
«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...