«БАСТАУ» ЖОБАСЫ – ҚАРАҒАНДЫДА

17:16, 10 қыркүйек 2019

Қарағандыда – «бастау» жобасын бойынша оқыту алғаш рет қала ​​тұрғындарын қамтыды. Жеке кәсіпкерлікті оқуға ниет еткендердің қарасы елуге жетіп отыр. Тестілеумен іріктелген болашақ кәсіпкерлер оқу аяқталысымен, өз жобаларын қорғайтын болады. Егер коммисияның көңілінен шығып жатса, Атамекен кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпті дөңгелетуге қаржы бөледі

«Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері туралы білім беру Еңбек өнімділігі мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазір  қарағанды облысының 900 - ге жуық тұрғыны, өздерінің сүйікті істерін тиімді бизнеске айналдыру үшін, кәсіпкерлік негіздерін үйренуде. Соның бірі Асыл Абжанова. Ол көп балалы ана. Дегенмен, шелпек, бауырсақ пісіруге тапсырыс алып, үйден нәпәқасын тауып келеді. Сондықтан, мындай оқулар оған кәсіп ашуға мотивация береді - дейді.

Асыл АБЖАНОВА, көпбалалы ана:

-Кәсіпкерлікке оқу, өзімді дайындау, қаншама кәсіпкерлік туралы жаңалықтар білуім керек. Мен көп балалы анамын. Қазіргі уақыттта жұмыссызбын. Жаңадан  тапсырыс аламын.

Қыркүйек, қазан, қараша айларында оқудың үш айлығы болады. Бағдарламаға облыстың барлық қалалары мен аудандарының тұрғындары қатыса алады. Ағымдағы жылы амақтың 2350 жұмыссыз тұрғыны «Жас Кәсіпкер» және «Бастау» жобалары бойынша оқуды аяқтады. 400-ден астам жобаның бастамашылары банктен 6 пайыздық мөлшерлемен 1,5 миллиард теңге несие алды. Ал 500 студент 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алып, өз бизнесіне инвестиция салды. Жобаның қарқынын байқаған «НұрОтан» париясының өкілі де жиынға қатысты.

Жібек КАМАЛИ, « NurOtan» партиясының мүшесі:

- Елбасының Жолдауымен бүгін отбасының бизнес деген бағыт бар. Сол бағыт өте дұрыс болады. Бүгін бастаумен таныстым. Көп әйелдер. Үйде отырып, өз нанын тауып ешкімге қарамай, бастау деген бизнес бағдарлама арқылы жұмыс істеуде. Мен ойлаймын бұл өте керек.

«Бастау» сертификатын алған соң,әрбір азамат кәсіп бастау немесе қолданыстағы бизнесті кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау, «Аграрлық несие коропорациясы» қаржыландыратын шағын несиелеу ұйымдары мен несиелеу серіктестіктер арқылы  жеңілдетілген несиені ала алады. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы әр жобаның жүзеге асуына сервистік қолдау мен сүйемелдейтін болады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар