БАССЕЙНГЕ АЙНАЛҒАН ПӘТЕРЛЕР

16:32, 30 маусым 2020

Шатырынан су ағып, пәтерлері бүлінген көпқабатты үйдің тұрғындары телеарнамыздың редациясына шағымын айтып келді. Ондаған қарағандылық отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жасалып жатқан мердігердің салғырттығының салдарынан зардап шегуде. Көп қабатты үйдің шатырларын қалпына келтіру жұмыстары, қараша халыққа керісінше шығын әкелуде.

Бұл кадрлер ұялы телефонмен түсірілген.   Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан үйдің тұрғындары  пәтерлердің іші жауынды күндері шағын бассейнге айналады дейді.  Сорақысы сол,  жоғары қабаттағы пәтерлерден бөлек,  төмендегілер де зардап  шегеді.  Бүгінде олқылығы мол тұрғы үйді «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеуде. Жергілікті билік өкілдері ескі тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіруді қолға алған еді. Алайда,   олардың айтуынша үйдің басым бөлігі  жөндеуді қажет етпейтін көрінеді.  Себебі  кейбірін өткен жылы тұрғындар өз қаражаттарымен жаңартқан.

Марина ИЩЕНКО, тұрғын:

 Бұрынғы шатырды алып тастады. Жөндеу басталғанға дейін мұндай болмаған. Әкімдіктегілер бізге жөндеу жұмыстары болатындығын айтып, бір ауыз ескертпеді. Сондықтан, егер барлық тұрғындардан сұраса, менің ойымша, мұндай жөндеуден барлығы бас тартар еді, себебі мұндай қажеттілік болмады.  

Владимир Мофа төбесі жұқа, соры қалың үйдің зейнеткер тұрғыны.  Ол, жауыннан кейін  пәтерінен шамамен 60 шелек су шығарады.  Жасы келген адамның сумен алысуы-  пробеманың қандай деңгейде екенін айқындап тұрғандай.

Владимир МОФА, тұрғын:

–   Жауын салдарынан келген шығын жетерлік. Қабырға дымқыл тартып,  еденнің құлауы мүмкін.  Бұл шынымен дабыл қағатындай жағдай.   

Тұрғындар жұмысшыларға алдағы күндері де жауын болуы мүмкін екендігін ескертті.   Су астында қалмас үшін үйдің төбесін ең болмаса   полиэтилен жабындысымен жаба тұруды өтінген.  Өкінішке орай бұл өтініштері жерде қалды.  Жауаптылардың салғыртығынан келген шығынды жергілікті тұрғындар  сот арқылды өндіріп алмақшы.  Бірақ бұл мәселеге билік өкілдерінің өз айтар өз уәжі бар.  Құрылысты өз мәресіне жеткізу үшін, қажетті құрылыс материалдары жеткізілмей жатыр екен. Бүгінде жаңбыр жауды, ал төбе сол қалпы.  Биыл Қарағандыдағы 186 тұрғын үйідің шатыры жөнделеді -деп жоспарлануда. 

Саят ҚАРАМЕНДИНОВ,  Қазыбек би ауданы әкімі орынбасары м.а:

-   Мердігер зауытпен метал төбе жабындарын жеткізуге келісім-шарт жасадық. Алайда  белгіленген мерзімге дейін шатырлар жеткізілмеді. Қазір бұл мәселе қолға алынды. Нөсерлі жауынға дейін аталған олқылықтар  реттеледі.  Мердігерлер келтірген шығын  толығымен.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар