БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

12:32, 14 қазан 2020

Балқаш қаласында көпбалалы 30 отбасына пәтер кілттері табысталмақ. Сонымен қатар, жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған 120 адамға пәтер кілттері беріледі. Қазіргі күні тұрғын үй құрылысы жұмыстарының 90 пайызы игерілген

Сәкен Сейфуллин атындағы 1-ші үй. 90-шы жылдардағы тоқыраудан кейін қаңырап бос қалған еді. Биылғы жылы Балқаш қаласының әкімшілігі қолға алып, кәсіпкерлермен арнайы келісімге келіп, толықтай жөндеуден өткізіп жатыр. Көпбалалы отбасыларға тапсырылатын болған соң 3-4 бөлмелі 30 пәтер толықтай жөндеуден өтуде. Шатыры жаңартылып, жарықшамдары, коммуникациясы  жаңадан тартылды. Нысан қараша айында тапсырылады.

Ал, Балқаш қаласының 10-шы мөлтек ауданында екі көпқабатты үйдің құрылысы өткен жылы басталып, аяқталуға шақ қалды. Екі үйде барлығы 90 пәтер бар. Құрылыс жұмыстары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қос нысанның еңсе тіктеуіне 940 млн теңге қаржы бөлінген.

Саятбек МУСИН, Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің жетекшісі:

-Қазіргі күні Балқаш қаласында 1600 адам үй кезегінде тұр. Сол себепті 45 пәтер кезекте тұрғандарға берілсе, қалған 45 пәтер несиелік тұрғын үй есебінен беріледі. Алдағы жылдары да құрылыс саласы тоқтап қалмайды, жеке секторларға үй саламыз деушілердің де қатары артып келеді.

Құрылысқа қажетті жабдықтар мен өнімдердің барлығы отандық өндірушілерден алынған. Есік-терезелері толықтай орнатылып, ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі жұмыстың 90 пайызы еңсеріліп, қазіргі күні екі үйге жылу және су құбырлары тартылуда.

Марат ТҮСІПБЕКОВ, «Балқаш Жібек жолы» ЖШС директоры:

-Қазір шұғыл жасалатын жұмыс ол канализацияны және су құбырын кіргізу, интернет тарту қалды. Осы жұмыстарды бірінші жасау керек. Одан кейін аулаға балалар алаңы мен брусчатка төсейміз. Бұл жерде 12 пәтер - 3 бөлмелі, 18 пәтер - 2 бөлмелі, 15 пәтер - 1 бөлмелі.

10-шы мөлтек аудандағы жаңа үйлердің құрылысымен «Балқаш Жібек жолы» ЖШС айналысуда. Аталған екі нысанның құрылысына 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Келер жылы тағы да осы үлгідегі екі үй яғни, 16, 17 үйлер тапсырылады. Екеуі де несиелік тұрғын үй болмақ.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар