БАСПАНА – БАС ҚАЙҒЫСЫ

13:53, 20 қараша 2020

Басыбайлы баспана бас қайғысына айналып отыр. Ес білгелі арбаға танылып, жалынды жастық шағында мүмкіндігі шектелген Хамит Достахин қайырымды жандардан көмек сұрайды. Ол 1-ші топтағы мүгедек, мемлекеттен алатын жәрдемақысынан басқа табысы жоқ. Оның өзі пәтер жалдаудан аспайтын көрінеді

Бұл қилы тағдыр қос аяғы мен қолын жансыз етіп,  арбаға танған Хамит Достахин. Жігерлі жан өмірдің сан сынағын басынан өткерсе де сағы сынып, салы суға батқан емес. 13 жасында қойылған ауыр диагноз салдарынан, кешегі шауып жүрген бала жүру бақытынан айырылды. Алайда, бұл оның ән айтып, мәдени шаралардың сәнін келтіруіне, спортпен шұғылдануына кедергі келтірмеді.

Қайсар жан тағдыр ісіне налымайды. Тек, мүмкіндік көкжиегі шектеулі ғұмырында баспана бас қайғысына айналғаны қынжылтады – дейді. Қазір ол Абай қаласында пәтер жалдап тұрып жатыр. Үй кезегінде 5 жылдан астам уақыт тұрса да, аңсаған пәтер кезегі қашан келетіні белгісіз.

Хамит ДОСТАХИН, Абай қаласының тұрғыны:

Бұған жауапты ведомства кезектің жақындауы қаладағы тұрғын үй құрылысына тікелей байланысты екенін айтады. Бүгінде аймақта үш мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан үй кезегінде тұр. Жыл басынан бері облыс көлемінде 461 адам баспаналы болса, соның қырығы осы санаттағы азаматтар.

Ұлантай ҮСЕНОВ, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

Хамит Достахиннің аңсаған баспанасы қашан болары белгісіз. Мұқтаж жанға қол ұшын созуға ниетті қайырымды жандарға оның жеке картасының нөмірі экранда:

KASPI GOLD : 51 69 49 71 14 71 68 00

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар