БАСПАНА БАҚЫТЫ БҰЙЫРДЫ

15:48, 2 маусым 2020

Балаларды қорғау күні аясында 5 қарағандылық көп балалы отбасы баспаналы болды. Жалғызбасты аналарға пәтер кілттері демеушілердің көмегімен берілді. Нәзік жандылардың баспаналы болуына мұрындық болған кәсіпкер жасаған жақсылығына бола жалпақ жұртқа есімі жария болмауын өтінген

Баспаналы болған барлық көпбалалы, жалғызбасты аналардың кемінде 4-5 алты баласы бар. Олар бес жылдан астам үй кезегінде тұрғандар. Алдымен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов нәзік жандыларды, бүлдіршіндерді жаңа қоныспен құттықтады.

Абзал НҮКЕНОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Проблемалардың төресі баспана мәселесі  екенін жақсы білеміз. Мемлекет тарапынан түрлі көмектер, тиімді бағдарламалар жүзеге асуда. Оның ішінде, аналар тарапынан қолдау көрсету басты жолға қойылған. Баспанамен міне, бүгін де бірнеше жанұя қамтылып жатыр.
Ондаған жыл баспана жалдап, бас сауғалап жүрген 4 баланың анасы Назым Дүйсембаеваға бұл күні баспана бақыты бұйырды. Демеушілердің қолдауымен көпбалалы ана пәтер кілтіне ие болып отыр.

Назым ДҮЙСЕМБАЕВА, көпбалалы ана:

-Көпбалалы ана ретінде «первоначальный взнос» төлеп, баспана алуға мүмкіндік болмады. 13 жыл үй жалдап тұрып келеміз. Демеушілерге, әкімдікке алғысымыз шексіз.

Бұл мүмкіндіктерге аналар қауымы «Талбесік»  көп балалы аналар ұйымының араласуымен қол жеткзіген. Нәтижесінде, демеушілер 7 қарағандылық көп балалы отбасының пәтер алуына қаржылай көмек беруді жөн көрген. Арасында мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасы да бар. Бүгінде бес жанұя  пәтерін алса, екі анаға баспана құжаттары рәсімделуде. Ұйым төрайымы , журналист,  көп балалы ана Ләззат Қожахметова алдағы уақытта аналарға жаңа мамандық меңгерту, кәсіп ашу, грант ұту, шағын несие алып бизнес бастау тәсілдерін үйретуге кіріспек.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, «Талбесік» көпбалалы аналар» ҚБ-нің төрайымы:

-Көптеген кәсіпкерлер демеушілік жасауда. Соның ішінде, өзінің атын атамауды қалаған  кәсіпкер 7 анаға үй алуға көмектесіп жатыр. Сол жеті ананың барлығының кредитін жауып берді. 3 отбасыға 1 жылдан үй жалдау ақысын төлеп беріп жатыр. Кәсіпкердің айтқаны, егер мен көмекті жария жасасам қабыл болмай қалады деді.

Кеш барысында, балаларға базарлық ретінде сыйлықтар үлестірілді. Ал, өз есімін құпия болып қалуды көздеген кәсіпкер келер жылы тағы да үш отбасыны баспанамен қамтымақ. Карантин режимі басталғалы бері аналар қозғалысы демеушілердің қолдауымен Қарағанды қаласындағы 600-ге жуық тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік түрінде көмек жеткізген.  

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар