БАСПАНА БАҚЫТЫ БҰЙЫРДЫ

17:30, 11 шілде 2018

Жаңаарқа ауданының 20-ға жуық отбасы баспаналы болды. Оның ішінде үй кезігінде тұрған тұрғындар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және дәрігерлер бар

Астананың 20 жылдығына орай Жаңаарқа ауданының орталығындағы 5 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Барлық баспана кілттері ақ халатты абзал жандарға таратылады деп жоспарланып отыр. Бұл аудан әкімдігі мен «Сарыарқа энерджи» ЖШС арасындағы ынтымақтастық меморандумының жемісі. Атап айтқанда, аталмыш мекеме 15 миллион теңге қаражатқа ескі ғимаратты толықтай қалыпқа келтірген. Ел игілігіне берілген үйді салтанатты түрде ашқан аудан әкімі Юржан Бекқожин медицина саласының қызметкерлеріне ерекше қамқорлық жасалуда,- дейді.

Юржан БЕКҚОЖИН,  Жаңаарқа ауданының әкімі:

- 3 дәрігерді біліктілігін шыңдауға оқытып жатырмыз.  Мұның барлығы 20 жылда 20 игі іс бастамасы бар. Соның аясында жасалып жатқан жұмыстар.

Орталық аурухана басшылығы да мемлекет тарапынан мейірбикелерге жасалып жатқан көмек ұшан теңіз,-дейді. Бұл бес пәтерлі тұрғын үй тек жас дәрігерлерге берілсе, былтырғы жылы да 6 маман баспаналы болыпты.

Серік КҮЛМАҒАМБЕТОВ,  орталық аурухана директоры:

-Астана мерейтойына арналған тарту дәрігерлерге беріледі. Бір терапевт пен акушер маманы керек. Жас мамандардың қызмет баспанасы болмақ.

Заманауи үлгіде салынған ғимараттың ашылуынан соң, аудан әкімдігі екі қабатты тұрғын үй пәтерлерінің кілтін үй тізімінде тұрған жандарға табыстады. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйден баспаналы болғандар арасында көп балалы аналар, үй кезегіндегі мүгедек жандар да бар. 2008 жылдан бері кезекте тұрған Әсел Сепішоваға да баспана бақыты бұйырды.

Әсел СЕПІШОВА,  Жаңаарқа ауданының тұрғыны:

-10 жыл күткен арманым орындалды. Үй кезегін күтіп, міне өте қуаныштымын. Аудан әкімдігіне рахмет. Астана тойы құтты болсын. Қатты қуанып тұрмын.

Жалпы, Астана мерейтойы аясында Жаңаарқа ауданында 13 пәтер ел игілігіне берілді. Ал, аудан әкімі салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталған соң, тағы бірнеше жанұя қоныстойын тойлайтынын айтады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...