БАСПАНА – 2020

15:09, 14 қаңтар 2021

2020 жылы қиын эпиджағдайды бастан өткерген Қарағанды облысы үшін көбірек тұрғын үй салуда айтарлықтай ауыртпалық түспеген. Жаңа пәтерге қоныстанғандар саны 5700-ден асып, бұрын-соңды аймақта тіркелмеген рекордтық көрсеткішке қол жеткізген

2020 жылы Ақтоғай ауданында жаңадан салынған 3 тұрғын үй қолданысқа берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  23 баспана  кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға берілген. Бюджеттен жалпы сомасы 90 миллионға жуық қаржы бөлінген. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде 17 үй сатып алу жоспарланған. Ал, биылғы жылы 16 пәтерлі төрт үй бой көтереді. Нәтижесінде, 64 баспана тұрғындарға үлестірілмек. Ауданға қарасты, Сарышаған, Шашубай кенттерінде 16 пәтер кілті табысталмақ. Заман талабына сай бой көтерген 3 тұрғын үйдің бірі Қашқыновтар жанұясына бұйырды. 

Зәуре ҚАШҚЫНОВА, көпбалалы ана:

 – Очередке тұрғаныма 15 жыл болды. Көпбалалы анамын. 6 кішкентайым бар. 4-і ержетті. 2 оқушы балам бар. Құдайға тәуба халқыма, еліме, әкімшіліктегілерге. Осылайша еңбегімді елеп, 4 бөлмелі үйді беріп қуанышыма ортақтасып жатыр. Мың да бір рахмет.

Ал, мысты шаһар Жезқазған қаласында алдағы бес жылда жаңа ықшамаудан пайда болады.  Шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы бес үйдің құрылысы басталған, бірнеше нысан бой көтерген. Кеңгір су қоймасына жақын орналасқан мына алаңда бес үйдің құрылысы қарқынды жүргізілді. Ол үшін қазынадан 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Алдағы 5 жылда жаңа ықшамаудан бой көтерсе, қаладағы 2000-нан астам үй кезегінде тұрғандар саны азаяды.

Қайрат ӘБСАТТАРОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

 - Былтыр осы кезекте тұрған азаматтардың 45-іне ғана үй берілген, биыл 125-іне үй береміз. Егер де биыл 20 мыңнан астам шаршы метр үйді іске қоссақ, келесі жылы 25 мың, одан 30 мыңға көбейеді деген жоспарымыз бар.

Жаңа жыл қарсаңында балқаштық 92 отбасы да баспаналы болды. Пәтер кілттері көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге, жетім балаларға   табысталды. 2020 жылы балқаштық 160 жанұя көптен күткен баспанаға қол жеткізген.

Маржан ҚАЙРАТ, жаңа пәтер иесі:

-«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 2 жылдан бері қаржы жинадым. Екі жылда осындай қуанышқа кенеліп отырмыз. Ең бірінші анама алғыс айтамын. Өте жақсы бағдарлама, жалғызбасты аналарға өте көп көмек.

Өткен жыл соңында Қарқаралы ауданында 9 көпбалалы ана жаңа пәтерге қоныстанды. Кезекте тұрғандарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 63 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қазір тұрғын үй алу кезегінде Қарқаралы қаласының 22 адамы тұр. Жоспар бойынша ауданда 72 жанұяға пәтер беріледі деп күтілуде.

Әсия ОРДАХАНОВА,  көпбалалы ана:

- Мен 2019 жылдан бері үй кезегінде тұрдым. Осы Тәуелсіздік қарсаңында 4 бөлмелі өзіміздің пәтерге қол жеткіздік. Балаларымның қуанышында шек жоқ. Бұрынғыдай көшіп-қонып жүрмейміз. Үкіметке алғыс айтамын.

Жыл аяғында  Бұқар жырау ауданындағы 48 отбасы жаңа пәтер кілтіне ие болды. Жалпы аудан бойынша “Нұрлы жер” бағдарламасы шеңберінде 12 пәтерлі 9  тұрғын үй кешенінің құрылысы жүруде. Жалпы  қолданысқа 224  пәтер беру жоспарланған. Оның 48 пәтері өз иелеріне табысталды. Сондай-ақ  көпбалалы аналар санатындағылар қоныс тойын тойламақ. Жыл соңында 12 отбасы баспаналы болды. 

Сапар САТАЕВ,   Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

-Мемлекеттен бөлінген бюджеттен үш қабатты үй салыну қолға алынды.  Бір үй Үштөбе кентінде, екі үй Ботақара кентінде. Жалпы 54 пәтер. Сонымен қатар 40 пәтерлі Доскейде 5 қабатты үй  күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ол үйлеріміз де дайын. Келесі жылға 200-ден астам пәтер салуды жоспарлап отырмыз.

2020 жылы қиын эпиджағдайды бастан өткерген Қарағанды облысы үшін тұрғын үй салуда айтарлықтай ауыртпалық түспеген.  Жаңа пәтерге қоныстанғандар саны 5700-ден асып, бұрын-соңды аймақта тіркелмеген рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.  Өңірдегі ірі қала саналатын Теміртау, Саран шаһарларында да жалпы саны 250-ден астам пәтер табысталған. (12 декбарь 2020)

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Тәуелсіздік қарсаңында 120 пәтер кілті беріліп отыр. Үй кезегінде тұрған сарандық көпбалалы жанұялардың баспана мәселесі түбегейлі шешімін табуда.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысы бір жарым есеге ұлғайған. Оған өңірдегі барлық, қала, аудандар атсалысқан. Бұған «Нұрлы жер» бағдарламасымен 22,6 миллиард теңге қаржы қарастырылған.  Мамандардың мәліметінше, үй кезегінде тұрғандар 2020 жылы 6 пайызға кеміген. Қазіргі таңда облыста 34 мыңнан астам адам үй кезегінде тұрса, оның 50 пайызы облыс орталығына тиесілі. Қарағанды қаласының өзінде жылдың алғашқы тоқсанында 192 пәтер қолданысқа берілсе, жыл соңына дейін 1206 баспана табысталатын болады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар