БАСҚАРМАДА ЖАҢА БАСШЫ

15:55, 1 маусым 2020

Кадрлық ауыс – түйіс. Бүгін аппараттық мәжілісте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының жаңа басшысын таныстырды

Бюджет қаражатының бағытын бағамдап, оны конкурстық рәсімдерге сай бөлу міндеті Нұрлан Әлімжановқа жүктелді. Жаңа басшының мемлекеттік қызмет саласында жинаған тәжірибесі аз емес. Осыған дейін ол облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары болған. Жауапты лауазым иесі – Қарағандының тумасы. Екі бірдей жоғарғы мамандыққа ие. Қарағанды мемлекеттік университетінде «қаржы» саласының қыр – сырын меңгеріп, содан кейін Қазақ – Ресей жоғарғы оқу орынында білімін жетілдірген.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Ол Октябрь ауданы әкімдігінде Экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы,  Экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Балқаш қаласы әкімінің көмекшісі болды.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар