БАС ҚАЛАҒА ТАРТУ

16:09, 23 сәуір 2018

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Гүлмира Тапайдың «Аққудай әнім жетсе» атты шығармашылық кеші өтті

Оған: зиялы қауым өкілдері, өнер иесінің әріптестері қатысты. Әнші  репертуарындағы бірнеше дәстүрлі әндер орындалып, көремен қауымның ыстық ықыласына ие болды. Бұл жолғы концерт Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Гүлмира Тапайдың бұл жолғы концерті бұрыңғыдан өзгерек. Алдымен, ұлттық аспап домбыраны алып шығып, халық шығармасын тарту етті. Сыңғырлаған үнімен Кеншілер мәдениет сарайын ерекше күйге бөледі. Ал, оркестормен бірге  Қытай, Француз, Ресей және бауырлас Өзбек, Қырғыз, Тәжік әндерін де тамылжыта орындады. Бұл өнер кешінің ерекшелігі 2 сағат бойы әртіс жанды дауыста ғана ән шырқады. Гүлмира Тапай  Қарағандыдағы өнердің қара шаңырағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің түлегі.  2009 жылы Астанадағы өнер университетін үздік тәмамдап, бірден Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» ансамбліне дәстүрлі әнші болып орналасады. Сол кезден бастап, бірнеше ән сайысына  қатысып, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанып үлгерді.  

Мейірхан АДАМБЕКОВ, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры

Гүлмираның шығармашық кеші өте жақсы өтті. Ол өнердің биігінде жүрген тұлға. Репертуары да бай. Дәстүрлі әндерді орындаудың хас шебері. Сондықтан, мен рухани ұстазы ретінде шығармашылық табыс тілеймін.

Өнерді жаны сүйетін көрермендер ән кешіне әдеттегіден көп жиналды. Әншінің  ұстаздары шәкіртінің дауыс тембры мен диапозоны ерекше екенін айтады. Гүлмира Тапай жастайынын қазірге дейін үнемі дайындықты пысықтап, еңбек етуден жалықпайтын көрінеді. Бастысы кез-келген ортада тек жанды дауыста ән шырқауға тырысады.

Гүлмира ТАПАЙ, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты

Мен бұл концертімді Астананың 20 жылдығына арнадым. Көптеген әндер орындадым. Репертуарым да бай. Менің концертімді тамашалуға келген барша қауымға айтар алғысым шексіз.

Қазір Гүлмира Тапайдың репертуарында 60-қа жуық ән бар. Келешекте де өнер иесісі тыңдрмандарын қуантуда аянбай еңбек ете беруді діттейді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар