БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

16:02, 15 қыркүйек 2020

Бар мейірім - балаларға. Серіктес қала Саранда жаңа балалар алаңқайы пайда болды. Заманауи ойын кешені енді ерекше күтімді қажет ететін балалардың сүйікті орынына айналмақ

Күнделікті  жаттығулар мен арнайы жабдықтағы жекелей шынығулар осылайша музыканың  сүймелдеуімен өтеді. Бұл - жаңа ойын алаңқайдағы заманауи  спорттық құрылғылар. Әсіресе, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына қажетті жағдай қарастырылған.   Тұсауы кесілген ойын алаңқайына жиналған балғындардың жүздерінен тек шаттықты байқауға болады. 

Дамир МУЛЛАЯНОВ:

-Менің есімім Дамир. Маған спортпен шұғылданған ұнайды.  Мына ойын алаңқайы да көңілімнен шықты.  Жалпы, өзім спортты ұнатамын.  Салауатты өмір салтын ұстап, үнемі шынығып жүремін.

Балалар бұрындары да осы алаңқайда  спортпен айналысқан.  Ал ауланы жаңартуды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы  қолға алған. Нәтижесінде, заманауи ойын элементтері бар жаңа алаң жасақталды.  Аталмыш алаңқайдағы құрылғылардың биіктігі арбаға танылған жандар үшінде қолайлы.  Сондай-ақ, физикалық тұрғыда  оңалтуға  септігін тигізеді.

Анна РЯБЦОВА, қалалық жұмыспен қамту  бөлімінің меңгерушісі:

- Ойын алаңының жобасын өзіміз жасадық.  Себебі ерекше күтімді қажет ететін балаларға не қажет екендігінен хабардармыз.  Олардың жағдайын ескере отырып, түрлі құрылғыларды орнаттық.  Сондай-ақ моториканы дамытатын және құрастырғыш заттар да бар. Мемлекеттік сатып алу  бойынша  осындай  арнайы мамандандырылған жабдықтар жасаумен айналысатын ұйыммен келістік.  Жұмыстар толық аяқталғанға дейін біздің қадағалауда болды.

Жаңа келбетке ие болған аталмыш алаңқайдың жұмысына жергілікті бюджеттен 7 миллионға жуық қаржы бөлінген.  Баспалдақтар,  пандустар, тренажерлер – мұның барлығы вестибулярлық аппаратты дамытуға оң ықпалын тигізбек. Қозғалу мүмкіндіктерін арттыруға да септігі мол.

Заманауи ойын алаңқайының атауы да бар.  Кешен «Островок детства»  деп аталады.   Мамандардың сөзінше  мұнда балалардың дамуына және әлеуметтік ортаға бейімделуіне тиімді  болмақ.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар