БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА!

13:28, 7 қараша 2019

«Балдәурен-Балқаш» республикалық оқу-сауықтыру орталығы инклюзивті білім берудің озық үлгісімен жұмыс істеуде. Биыл 1100-ден астам балаға қызмет көрсеткен ұжым орталыққа қатынайтын жолды жөндеп, жарық шамдарын орнатуды сұрайды

Нұрсұлтан Нұрқанатұлы «Балдәурен-Балқаш» РОС орталығында ашылған «Асыл мұра» үйірмесінің жетекшісі. Ол еліміздің Ақмола, Павлодар, ШҚО-нан келген бүлдіршіндерін қолөнер, шеберхана жұмыстарына баулып келеді. Қазіргі уақытта ши тоқу мен  тұрмыстық қалдықтардан түрлі бұйымдар жасау күнделікті қызметіне айналған.

Нұрсұлтан НҰРҚАНАТҰЛЫ, «Асыл мұра» үйірмесінің жетекшісі:

-Біз қоқыс қалдықтарын текке қалдық ретінде тастамай, қажеттілікке жаратамыз. Әр түрлі өңірден келген балалармен аң-құстардың бейнелерін келтіріп, жасаймыз. Оны жасап қана қоймай, сол аң-құстардың жаратылуы, қалай тіршілік ететінін зертейміз. Яғни, қолөнер ғана емес, биология, география пәндерін кеңінен қамтимыз.

Ендігі кезекте, сауықтыру кешенінің медициналық  мүмкіндіктеріне тоқталсақ. Орталықта сал ауруы, есту, көру, сөйлеу қабілеті төмен балаларға білім берудің бар қажеттіліктері қарастырылған.   Мұнда жуыну ваннасының бірнеше түрі, балшық, бассейні және оттегі коктейльдері бар.

Гүлайман ҚОЖАЕВА, "Балдәурен-Балқаш"  оқу-сауықтыру орталығының бас дәрігері:

-Мына жуыну бөлмесіндегі жабдықтарда барлық қажеттіліктер қарастырылған. 4 камералы ерекше жағдайдағы балалар үшін. Бұл қолданыста өте қолайлы, әрі пайдалы саналады.

Әлеуметтік-медициналық тұрғыда орталық инклюзивті білім беруде озық үлгіге көшкен. Еліміздің күллі облысынан меймандар қабылдайтын  сауықтыру кешеніне дейінгі жол мен жарықтың қажеттілігі болып отыр.

Оразәлі АБДОЛЛАЕВ, «Балдәурен-Балқаш»  оқу-сауықтыру орталығының директоры:

-Балалардың жағдайы жақсы. 5 мезгіл тамақтанады. Ойын-сыуық орталықтары бар. түрлі іс-шаралар өтеді. Жол мәселесіне кішкене көңіл аударылса. Освещени қажет. Бүгінгі күнде, бізде қазір жетінші аусым жүріп жатыр.Демалған балалардың жалпы саны 1085 бала, әр аусым 155 баладан келіпі отырады. Оның ішінде елу бесі мүмкіндігі шектеулі балалар.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің Балқаш қаласына сапарында мекеме директоры бұл мәселені шешу жөнінде көмек сұраған болатын. Аймақ басшысы алдағы жылдың бюджетін бекіту кезінде бұл жағдайды ескеріп, жауаптыларға мәселені түбегейлі шешуді міндеттеді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Профилактикалық шаралар жүргізілетін балалардың сауықтыру орынына қажетті мүмкіндіктер толық болуы тиіс. Жолдың жайын ретке келтіру жолында келер жылдың бюджетінен қалдырмау үшін жұмыс жасаңыздар.

Балаларға 30-дан астам емдеу түрлерін ұсынып, шынықтыру процедуралары, сылау, тыныс гимнастикасын жүргізетін орталық курортты   табиғи-климаттық жағдайымен де ерекшеленіп отыр. Ендігі кезекте, еліміздің күллі аймағынан келіп-кетуші балғындарға қолайлы жағдай жасап, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде айрық үлес қосу, -дейді, орталық жетекшілері.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар