БАНКОМАТТАР ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА

16:50, 9 қазан 2019

Ғылым мен технологияның дамыған заманында облыс орталығынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Топар кентінің тұрғындары банктік карталарынан ақша шеше алмай дал. Мұндағы банкоматтарда қаржы тапшылығы жиі орын алатын көрінеді. Ал, дүкендер мен қызмет көрсетуші өзге мекемелерде картамен төлеу деген түсінігі мүлдем жоқ дейді

70 ке аяқ басқан  Қалымбай ата кентке екі жыл бұрын Ресейдің Тюмень қаласынан көшіп келген. Туған жер төсіне бет бұрған ақсақал цифрландыру аясында сұрақ туындайды деп ойламапты. Бірнеше айдан бері зейнетақысы түсетін банктік картадан ақша алу қиындық туғызуда. Қызмет көрсететін «Сбербанк» банкоматтары жиі істен шығатын көрінеді. Енді ай сайынғы міндетті төлемдерін картамен төлейін десе, тағы да кедергіден көз ашпаған. Жауапты мекемелер қарияның сұранысын қанағаттандырмайды, сондай – ақ дүкендерде де арнайы терминалдар тапшы көрінеді. 

Қалымбай ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ, Топар кентінің тұрғыны:

-Бұл біресе істемей қалады, не ақша жоқ. Енді барып энергия үшін төлейін десем олар банктік карта не екенін тіпті білмейді. Біз алмаймыз дейді ондайды. Одан кейін тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық бөлеміне барған едім. Олар бұрын соңды бізде терминал болған жоқ, болмайды да деп жауап қатты.

13 мың халқы бар елді мекенде қолайсыздық жиі көрініс тапқанымен, банк олқылықты түзетуге ниеттеніпті. Түсірілім тобы мекен – жайға барғаннан кейін бірден тұтас ақшасын арқалап инкассаторлар да келіп жетті.

Пост терминалдар тапшы деген соң бірнеше қызмет көрсету орындарына бас сұқтық. Мәселен, пошта қызметкерлері ай соңында келеңсіздіктер орын алатынын жасырмады.

Сәуле ИСАБАЕВА, «Қазпошта» АҚ Абай аудандық филиалының бөлім басшысы:

-Біз негізі терминал бойынша қызмет көрсетеміз. Тек 30-ы  күні бізде келеңсіздіктер орын алып, карта қабылдай алмадық. Ай соңы болған соң, жүйе бәсең жұмыс істеді. Бұл сирек кездесетін жәйт.

Ал, қырық шақты сауда орынның ішінен жалғыз «Жемчужина» дүкенінде ғана картамен төлеуге жағдай жасалған.

Мәселенің анық қанығынан хабардар болған кент басшысы осыған дейін мұндай шағыммен ешкім келмегенін айтты. Күрмеулі мәселені өз қадағалауына алып, жақын арада бір жақты қыламын – деп уәде берді.

Қарлығаш МҮСЛІМОВА, Топар кентінің әкімі:

-Банк филиалының басшысымен сөйлестім. 5 дүкенге пост терминал орнату үшін тапсырыс бердім. Басқа мекемелерді де көреміз. Бұл кісінің айтып отырғаны дұрыс. 21 ғасырда карточкамен төлеуге жағдай жасау керекпіз. Жұмыс істейміз.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар