БАНК ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Осакаров ауданына қарасты Молодежный кентінде орналасқан «Қазақстан Халық банкі» бөлімшесінің ғимараты күрделі жөңдеуден кейін өз жұмысын қайта бастады. Енді елдімекен тұрғындары жаңа технологияның барлық игіліктерін пайдалана алады. Қазір мұнда банкоматтар саны артып, комуналдық қызметтерге ақы төлеу біржүйеге түскен

16:40, 8 тамыз 2017   186

«Халық банкі» бөлімшесінің ашылуын Молодежный кентінің тұрғындары тағатсыздана күткен еді. Себебі, банк филиалы  өз жұмысын 1995 жылдан бері атқарып келеді. Содан бері екі айға жабылған банк ғимаратында күрделі жөңдеу жұмыстары да алғаш жүргізіліп отыр.

Айгүл ТАТТЫБАЕВА «Қазақстан Халық банкі» Теміртау қалалық филиалының директоры

Әрдайым банк тұтынушыларына сапалы қызмет көрсеткіміз келеді. Мамандар аудан орталығы банкі бөлімшесіне қатынаудың қиын екенін жақсы біледі.  Нәтижесінде бар мүмкіндікті жасауға тырысып келеді.

Банк бөлімшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста тұрғындар сексен шақырым қашықтықтағы аудан орталығына қатынап жүрді. Енді ол қиындықтан арылған кент жұртшылығы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы, оңтайлы болмақ. Зейнеткер Галина Гевелько да аталмыш банктің тұрақты салымшысы. Олда бөлімшенің қайта жөндеуден өткеніне қуанышты. Енді, қосымша банкоматтар мен төлем терминалдары қойылып, кезек күтудің қатарын сейілткен.

Галина ГЕВЕЛЬКО зейнеткер

Бүгінгі жөндеуден соңғы банктің келбеті бәрімізге ұнады. Жаңа замандағы жаңашылдықтан қалыспай келеміз. Қалалық филиалдан бірде кем емес.

Замануи үлгіде жабдықталып, кайта жаңғыртудан өткен банк филиалына жергілікті мектеп директоры Мақпал Мүсіпова оң бағасын беріп отыр. Жалақасын Халық банкінен алатын тұрғын жақында платиналық карточка аштырыпты. Осылайша, өткен жылдан бері заңды тұлғалар қызмет ала алады.

Мақпал МҮСІПОВА Молодежный кенті № 23 орта мектеп директоры

Банк барлық талапқа сай жабдықталған. Жаңа кассалар іске қосылып, тұтынушыларға сапалы әрі жүйелі жұмыс үлгісін көрсетпек. Мен және менің барлық әріптестерім халық банкінің тұтынушыларымыз.

Қазақстан халық банкі филиалының мамандары жаңашылдыққа бет бұрған нысанның тұрғындарға тиімді қызмет көрсетеріне сенімді. Алдағы уақытта банк ақша айырбастау пунктін іске қосуды жоспарлап отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25