БАЛЫҚШЫЛАР САЙЫСЫ

15:42, 13 наурыз 2018

Қарағанды қаласында қысқы спорттық сайыс- балық аулаудан әлем чемпионаты өтпек

Жарыс наурыз айының 15-і мен 17-і аралығында болады. Байрақты бәсекеге әлемнің 13 елінен спортшылар келді. Қазір бұл балықшылар дайындықтарын пысықтап жатыр.  Баспасөз мәслихатына 13 елдің өкілдері жиналды. Олардың әрқайсының құрамасында 5 балықшыдан бар. Кездесуде қатысушыларға жарыс ережелері мен мұздағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ жиында барлық  елдің балықшылары өздерін мазалаған сұраққа жауап ала алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасы қармақ салуға өте ыңғайлы, әрі онда балық көп - дейді.

Виталий ШЕЛКОВЫЙ  Қазақстан құрамасының менеджері

Қысқы спорттық балық аулаудан әлем чемпионаты Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бірінші рет алматы қаласында өткізілген болатын. Ал, Теміртаудағы Самарқандыты барлық елдің мықты деген қазылары қарап, талдап, таңдап бір ауыздан қолдады. Сондықтан да осында өтпек.

Жарыстың талабы бойынша спортшыларға 3 сағат беріледі. Сол уақыт аралығында кім неғұрлым көп балық ауласа, соның жеңіске жету мүмкіндігі зор. Беларусь елінен келген Александр Романовтың балық аулаумен шұғылданғанына 10 жыл болған. Алғашында өзі үшін, яғни уақтты тиімді өткізу мақсатында қармағын қолға алған екен. Ал, бүгінде әлемдік чемпионатқа қатысып, топ жарып жүрген жайы бар. Мәселен, ол 3 сағатта 4 - 6 килограмға дейін балық аулаймын -дейді. Алайда, Самарқанд су қоймасына алғаш келуі болған соң, сәл қобалжу бар -дейді,Александр Романов.

Александр РОМАНОВ   Беларусь құрамасының капитаны

Айта кету керек, таңғалдырғаны мұздың қалыңдығы 1,5 метр дейін қатқан. Біз жақта мұз олай қалың емес. Енді жеңісті қолдан оңай бермейміз. Қазақстанға алғаш келуім. Жақсы әсер қалдыруда. Жеңістен үміттімін. Себебі, мықты дайындықпен келдік.

Чемпионаттың ашылу салтанаты наурыздың 14-і күні  басталып, 17-не  дейін жалғасатын болады. Ал, жақсы көрсеткіш көрсетіп, жеңіске жеткен балықшыларға арнайы Алғыс хат пен медаль және бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар