БАЛҚАШТА ЖАҢА ӘКІМ

14:15, 11 шілде 2019

Балқаш қаласының әкімі болып Ораз Тәуірбеков тағайындалды. Осыған дейін ол Қарағанды облысының Экономика басқармасын басқарған болатын. Ал, бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Александр Аглиулин өз еркімен қызметінен босатылды

Жаңа басшыны өңір активіне  облыс әкімі Ерлан Кошанов таныстырды.

- Жинаған тәжірибесі мен білімінің арқасында ол Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерге сәйкес жұмысты ұйымдастыра алады, - деді облыс әкімі.

Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Ленинский комсомол атындағы Жоғары әскери-теңіз су асты жүзу училищесін, ҚР Еңбек министрлігінің Біліктілікті арттыру институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің Қаржы академиясын тәмамдаған.
Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар