Балқаш қаласындағы прокуратура қызметкерлері 24 қанатты хан ордасында балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнап түскі ас берді

Аталмыш ұжым Наурыз мейрамын осылайша қайырымдылық жасаумен бастады

19:17, 18 наурыз 2017   338

Қазақ үйіне кішкентай қонақтар, ұлттық киім киіп, тыңғылықты дайындалып келген. Әйелдер қауымы да қызмет киімдерін тастап, бастарына сәукеле, үстеріне ұлттық көйлек пен оюлы құндыз шапан киіпті. Ата-ана мейірімінен айырылған балалар бірінші кезекте киіз үйдің ішіндегі жабдықтармен танысты. Мұндағы заттардың барлығы қалалық мұражайдан және мектептер мен колледждерден әкелінген. Танымдық экскурсиядан кейін бүлдіршіндер ақ дастархан басына жайғасып, тәтті-дәмдерден ауыз тиді. Ал, қала прокруроры Қанат Сәлімбаев құттықтау тілегін жеткізді. 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25