БАЛҒЫНДАР ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАДЫ

13:34, 7 қазан 2019

Ерекше жаратылған балғындар футболдың тактикаларын үйренді.Мүмкіндігі шектеулі өрендерге «Шахтер» командасының ойыншылары шеберлік сыныптарын өткізді

Бұл шеберлік сыныбын әсіресе ерекше жаратылған балалар көптен күтті.Ашық алаңда  футболға деген құлшынысы зор 20-ға жуық жасөспірім мен кәсіби  теңбіл доп шеберлері әдемі ойын өрнегін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеткен жетістіктері жетерлік. Олар жуырда Алматы қаласында өткен республикалық чемпионатта жүлделі орындарға ие болған.

Евгений ЛУНЕВ, жаттықтырушы:

-Бұл балалар үшін алғашқы чемпионат болды.Біз онда екі командамен  бардық. Басты мақсат жеңу болған жоқ, балаларды қатыстырып,командалық ойынға тәрбиелеу болатын.Балалар алғаш рет алыс жолға ата-анасыз барып отыр.Олар жіті бақылауда болды. Үш күнде балалар әр командамен 4 ойын өткізді. Нәтижесі жаман емес 5  команданың ішінде 2-4 орындарға табан тіредік.

Аталған шара  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде екі  жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.Бұл бағытта аймағымызда былтыр меморандумға қол қойылған болатын.Келелі келісім аясында 9 бен 18 жас аралығындағы 20-дан астам  бала жаттығады.  Ойын ережесі ерекше.Яғни  әрбір топта әдеттегідей 11 ойыншы емес,  7 адамнан құралған команда да  шарты бойынша 2 тайм ойнатылады. Ойын уақыты 20 минуттан аспауы тиіс.

Никита ЛЕЙН ВЕБЕР, «Нода» мектебінің оқушысы:

-Алыс ойындар Алматы ақаласында өтті .Мен «Лидер»  командасында қақпашы болып ойнадым . Қарсыластар айтарлықтай жақсы , тынымсыз жаттыққандары көрініп тұр. Әрине, бізде берілген жоқпыз, ойынға  бар күш жігерімізді салдық.

Шеберлік сыныбы соңында өрендер «Шахтер» футбол коммандасының ойыншыларымен естелік  суретке түсті. ширақтығымен көзге түскен епті балғындарға сый-сияпаттар табысталды.

Айжан БАХЫТЖАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар