БАЛАЛАРҒА ҚАУІПТІ АЛАҢ

13:24, 5 қыркүйек 2019

Майқұдық тұрғындары айдың-күннің аманында балаларымыз жазым болама деп алаңдаулы. Себебі «Әлемгаз» компаниясының өкілдері газ тарататын құрылғыны бөлшектеп алып кеткен соң, қазылған шұңқыр сол беті қалып қойған. Қазір ол тұрғындар үшін едәуір қауіп тудырып тұр дейді. Мәселенің мән-жайын біздің тілшілер білуге тырысқан еді

Майқұдықтағы 14-ші шағын аудан тұрғыны Мадина Ханафина немересін аулаға жіберуге қорқады. Себебі салғырт жұмыстан қалған шұңқырдың беті жабылмай, ішіндегі металл қалдықтары ашық күйі жатыр. Ойын баласы ойланбастан түсіп кетеме деп алаңдаулы.

Мадина ХАНАФИНА, қала тұрғыны:

- Газовые конфорки стояли, Газ құрылғылары тұрған. Бірақ қазып тастады да, қоршауын алып кетті. Ал, мына темірлерді қалдырып кеткен. Енді мұны кім тазалайды?

Тұрғындар  орталықтан берілетін  газдың тоқтатылғанына 20 жыл болған дейді. Бос тұрған құрылғыларды алып куді сұраған.Әкімдік мамандары компания өкілдеріне ескерту жасамаған. Бірақ, техниканың істен шығуына орай, шұңқыр  жартылай жабылған.

Дина ТОҚСАМБАЕВА, «Әлемгаз» компаниясының өкілі:

–Қазір бұл алаң осындай жағдайда тұр. Тұрғындар куә, жұмыстар жүріп жатқанда техника істен шықты. Енді бір апта ішінде толық қалпына келтіріледі.

Біздің түсіру тобымыз келген соң, алаң қоршауға алынды.Жауаптылар мәселені осы аптаның соңына дейін шешіміз деп уәде берді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар