БАЛАЛАР ТӨЛҚҰЖАТЫ

14:55, 6 желтоқсан 2018

Келер жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балалар шетелдерге баратын болса, төлқұжаты болуы тиіс. Бұл шара өзге елдерде құжат төңірегіндегі келеңсіз жағдайларды азайтуға бағытталып отыр. Осы себепті ІІМ тиісті заңнамаға өзгерістер енгізген.

Ирина Сурма балаларымен саяхаттағанды ұнатады. Туристтік агенттіктердің бірінен 16 жасқа дейінгі балаларда төлқұжаты болуы тиіс дегенді естіпті. Енді ХҚКО-на барып рәсімдемек. Ол үшін ата-анасының бірінің жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі керек. Құжат құны 19 мың теңге

Ирина СУРМА:

- Құжаттың бағасын естіп таң-тамаша болдым. Бір жыл бұрын әлде қайда арзандау болатын. Мен 3 балама құжат жасауым керек. Қалтаны қағып бітетін сияқты. Баланы осында суретке түсеретіні ыңғайлы.

ІІМ-нің ақпаратынша бұл жаңалық соңғы уақыттағы террорлық қауіптің үдеуіне орай бірқатар мемлекеттерде енгізіліп отыр. Әлемдік қауымдастық паспорт-визалық құжаттамалар жүйесіне осындай өзгеріс енгізуді жөн көрген.

Нәзира БАЙМАҒАМБЕТОВА, Полиция департаменті көші-қон басқармасының инспекторы:

 -Қазір 16 жасқа дейінгі балалардан паспорт талап ететін елдер қатары артып келеді. Бұл қазақстандықтардың өзге елдерде құжат төңірегіәндегі түсіністіктен сақтауға бағытталып отыр. Қазір бұл жаңашылдық заңжобасына да енгізілуде.

Құжат 2 аптада дайын болады. 1 жұма ішінде жеделдетіп істетуге де мүмкіндік бар. Паспорт 10 жылға жарамды.

Никита СЕРОЖ:

-Бұл дұрыс әрине. Мен қызыммен шетел асқанда паспорт жасатқанмын. Ұлыма енді демалысқа барған кезде жасатамын.

Айта кеткен жөн, құжат тек шекара сыртына шығатындарға, ел ішінде туу туралы куәлік жеткілікті.

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...