Балалар қуанышы – ата-аналар бақыты

Қарағандыда жаңа балалар алаңқайы пайда болды. Заманауи ойын кешенін демеушілер орнатқан. Жергілікті кәсіпкерлер арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы кеңінен танылуда

22:09, 19 мамыр 2017   64

Майқұдықтағы 13-шағын тұрғындары үшін бүгін шағын мереке деуге болады. Мұндай ойын алаңын балалар көптен күткен еді. Оларға мұндай сыйлықты «Қазпласт» компаниялар тобы жасады. Кәсіпорын жетекшісі бұл шағын ауданнан депутат болып тегін сайланбағанын танытты.

Сергей ВОДЬКО Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

Таза экологиялық материалдардан жасалған. Ол аллергиялық қоздырғыштарды болдыртпайды. Мен барлық белсенді тұрғындарды, патриоттарды, өз қаласына жақсылық жасауға шақырамын. Және бұл эстафетаны өз әріптестеріме, бизнесмендерге, депутаттарға беремін. 

Жаңа ойын құрылғыларын тексеруге ондаған балалар шықты. Бірі әткеншекке жүгірсе, бірі сырғанап мәре-сәре. Балалардың арқа-жарқа болуын түсінуге болады. Себебі бұрындары шағын ауданда ойнайтын жер болмады. Ата-аналар мен ата-әжелер де қуанышында шек жоқ. Енді тек осыны қадірлеп,. Сындырмай, сақтасақ нұр үстіне нұр дейді.

Саяш МҰҚАШЕВА тұрғын

Балаларымызға әдемі алаң жасап берген ұжымға үлкен рақмет айтамыз. Балаларымызға көңілді кештер ұйымдастырғандарыңызға үлкен рақмет!

Бизнесмендерді демеушілік жасау бойынша ары қарай да жергілікті билік жұмыстарды жалғастырмақ. Октябрь ауданында енді балалар алаңқайларына қатысты мәселелер шешіледі десек артық болмас.

Әлімжан ҚАНАЕВ Октябрь ауданының әкімі

Күні кеше ғана біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргіздік. Тура осындай алаң Көгілдір Тоғандарда пайда болады. Сергей Водько және «Қазпласт» компаниялар тобы 10 ойын алаңдарын салып беруге уәде берді. Енді тек демеушілер табу керек.

Алаңның ашылуы шет жақтарда орналасқан үй тұрғындарының бір жерге жиналып, жақын танысып, араласуын сеп болды.Ал кішкентай балалардың көңілдерін аниматорлар мен  қуыршақтар көтерді. Компания жақын маңдағы мектеп оқушыларына да сыйлық жасады. ЭКСПО халықаралық көрмесінеп 51 билет табыстады.  

Асылбек ТОЙБЕК

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25