Балалар да, ата-аналар да қуанышты

16:54, 13 шілде 2017

Қарағандыда жаңа балалар алаңы пайда болды.Заманауий ойын кешенін қала оталығының ауласына демеушілер орнатты. «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан жақсы бастамаға жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетті

Нұркен Әбдіров даңғылы бойындағы аула тұрғындары үшін бүгін қуанышты күн.Мұндай ойын алаңқайын олар көптен күткен еді. Оларға бұл тартуды жергілікті кәсіпкер жасады. Бірақ ол, өз атын жариялауды жөн таппады.Жаңа ойын-сауық алаңын тамашалауға ондаған балалар шықты. Солардың бірі, қала тұрғыны Шахназар Жандосұлы. Балалардың ойынға деген құлшынысы артып, құмары қанар емес. Ойын балаларының бұл қуанышын түсінуге болады. Өйткені олар, бұрындары ойнайтын жерді тек қана армандаушы еді.. Кішкентай  ұлдар мен, қыздардың  тіпті, ата-аналардың да қуанышында шек жоқ.Енді олардың басты міндеті, ойын алаңындағы бұл қондырғыларды көздің қарашығындай сақтау.

Елена ГОРБУНОВА ПИК-нің төрайымы

Бұл заманауий ойын кешенін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын,9қабатты үйдің байырғы тұрғыны орнатты. Алаңқай өте қажет және онда балалардың ойнауына барлық жағыдай жасалған. Бұл, үлкен қуаныш әкелді. Кешкілік уақытта бьұл жерге балалар тіпті көп жиналады.

Бұл қондырғылар заманауий  әрі әдемі. Осы жерде кішкентай бүлдіршіндер мен қоса, мектеп оқушылары да бір сәт тынығады..Бір ескеретін жай, осы іспеттес ойын алаңқайын мамыр айында Майқұдықтың-13 ықшам ауданында орнатқан болатын.Бір сөзбен айтқанда, Қарағандылық бизнесмендер Елбасының «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасына  зор қолдау білдіруде.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...