БАЛАҒА КӨМЕК КЕРЕК

15:12, 14 наурыз 2019

Бір жарым жасар Ильданға көмек керек. Бала мидың қатерлі ісігі дертіне шалдыққан. Сәбиді Германия мемлекетінде емдеуге болады. Отбасыға баланы шетелге барып қарату үшін 150 мың еуро қажет

Дүниеге келгеніне 1 жас 5 ай болған балақайға 3-деңгейлі анапластикалық эпиндемома, яғни бас миының қатерлі ісігі диагнозы қойылған.Баланың дерті өткен жылдың тамыз айында анықталған. Кішкентай Иль дан жарты жылдың ішінде 5 рет химиотерапиялық емдеу қабылдаған. Өкінішке қарай, ісік одан қайтпай отыр. Қазақстанда сәулелік терапияны 3 жастан асқан балаларға ғана жасайтындықтан, сәбиді шетелде емдеу қажет. 

Камила Баталова, Ильданның анасы:

-Бізге бір-екі күн бұрын Германиядан жауап келді. Олар отасыз емдеуге болатындығын хабарлады. Бірақ оның құны 150 000 евро. Бұл біз онда барып тексерілуіміз үшін алдын-ала төленетін депозит құны. Емделу бағасы қанша болатыны туралы дәрігерлер тек баланы көргеннен кейін айта аламыз деп отыр.

Қазіргі таңда емге қажетті соманың шамамен 20%-ы ғана жиналған. Отбасы қызметтік пәтерде тұрады. Камила және Ильдар Баталовтардың 3 баласы бар. Отанасы декреттік демалыста. Үйдегі негізгі кіріс көзі - отағасының табысы.

Рымбике Майдина, Ильданның әжесі:

-Қазір бір келіншек жазып отыр. Тура сондай диагнозбен емделді балам. Қазір жақсы, реабилитацияда жүр деп. Сондықтан, біз үмітімізді үзбейміз. Сондай ширақ бала. Бәрін біледі. Барлықтарыңыздан көмек сұраймыз.

Инстаграм әлеуметтік желісінде Ильданның парақшасы бар. Баланың жағдайын естіген танымал блогерлер, бизнесмендер, жанашыр адамдар онда бұл ақпаратты таратып, мүмкіндігінше көмек қолын созуға тырысып бағуда. Ата-ана баласының еміне қажетті сома табылып, кенже ұлдарының жазылып кететініне сенеді. Көмектесемін деушілер назарына бүлдіршіннің ата-анасының реквизиттерін  ұсынамыз.

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар