БАЛАБАҚШАЛАР ЕСІКТЕРІН АША БАСТАДЫ

17:04, 29 мамыр 2020

1 маусымнан бастап балақбақшалардың кезекші топтары өз жұмысын бастайды. Карантиндік талап қатаң сақталады. Төсектер шахмат тәртібімен орналастырылып, арақашықтығы бір метрді құрайды

Бұл «Бәйтерек» балабақшасы. Бүлдіршіндерді қабылдауға әзір.  Осы орталыққа бүгін 3 жасар Абдуллах келді. Бекітілген жаңа ережені сақтай отырып, оны да өзге  бүлдіршіндердің қатарына қосты.

Қорғаныс маскалармен және медециналық резеңке қолғаптарды киген қызметкерлер кішкентай Абдуллахты даладан күтіп алды. Балабақша тәрбиешілері оны арнайы қабылдау бөлмесіне апарып, дәрігерлік тексерістен өткізеді. 

Ильнура УТЕНОВА, Абдуллахтың анасы:

-Балабақшалардың ашылғанына қуаныштымын. Егер баламызда тымаудың белгілері білінген жағдайда балабақшаға әкелмеуіміз керек. Ол жайлы бізге тәрбиешілер ескертті.  

Ғимарат ішінде  әр топтың кіріп, шығатын жеке есіктері бар. Бір есіктен 7-10 тәрбиеленуші шығады. Бұлардың көбісі дәрігерлердің, тәртіп сақшыларының, жалғызбасты аналардың  және екеуі бірдей жұмыс істейтін ата-аналардың балалары.

Рашида ТЕБАЙ, «Байтерек» балабақшасының директоры:

Өңір аумағында Теміртау мен Ботақарадан басқаларының бәрінде балабақшалар жұмысын қайта бастайды. Дәрігерлер мектепке дейінгі орталықтарды текерістен өткізіп, оларға дайындық актісін береді. Аймағымыздағы балабақшаға баруы тиіс балалардың тек 15 % ғана кезекші топтарға қабылданады. Бұл санмен айтқанда 6 мың бүлдіршін. Ал, дамыту орталықтары жақын күндері ашылуға дайындалып жатыр.

Әсел ТАУКЕНОВА, білім басқармасының бас маманы:

Ата-аналар бұл сәтті көптен бері күткені анық. Дейтұрғанмен, балаларды бір балабақшадан екіншісіне ауыстыру процестері уақытша тоқтап тұр. 

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар