Балабақша мәселесі

16:58, 7 тамыз 2017

Қазір Қарағанды шахарында шамамен 3500 бүлдіршін жекеменшік балабақша табалдырығында тәлім алуда. Олардың жатын орны мен асы үшін мемлекет тарапынан қандай көмек жасалуда? Қай аудандарда бұл мәселе өз шешімін тапқан?

Бір жылдан бері кішкентай Каролина «Алтын ұя» жекеменшік балабақшасына барып жүр. Осыған дейін бақшаға бару кезегін сарыла күткен бүлдіршіннің әкесі тізімге тұрудың алдағы уақытта қажеті жоқтығына сенімді.

Вячеслав ТКАЧЕНКО ата-ана

Жеке менншік балабақшаға 35 мың теңге төлеп жүрдік. Кейін мемлекеттік тапсырысқа ілігіп, 18 мың төлейтін болдық. Қазір тіпті 11 мың төлейміз. Балабақша кезегіне тұрғанмен қаншама уақыт тізіміміз келмей қойды. Содан, осы мүмкіндікті падаландық.  Жас отбасы үшін мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдаудың маңызы өте зор.

Мемлекеттік тапсырыс аясында бүгінде аймақтағы балабақшалардың жыл сайын қатары көбейіп келеді. Солардың қатарындағы «Алтын бесік» балабақшасы бұл бастаманы толықтай жүзеге асыруда. Нәтижесіне келер болсақ, қолжетімді баға болғандықтан көпшілік қалтасындағы қаржысынан қағылмайды.

Гүлнара СЕЙСЕМБЕКОВА «Алтын бесік» балабақшасының директоры

Балабақшамыз 4 жылдан бері мемлекеттік тапсырысты орындап келеді. Мемлекеттік қаржыландырудың алғашқы легінде 40 бала тіркелсе, қазір 225-ке жеткен.

Өткен жылы 12 жеке меншік балабақша қызмет етсе, бүгінгі таңда олардың қатары 25-ке жетіпті. Әр балаға есептелетін төлемде теңестірілген, бұрынғысынша кезек күту қажеттілігі де азайған.   

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Мәселе өзекті болды. Елбасы 2020 жылға дейін аталған мәселелерді толықтай шешуді тапсырған болатын. Бұл міндетті Қарағанды қаласы бойынша 2018 жылы толықтай шешеміз. Балабақша салу қаражатында есептеп, мемлекеттік тапсырысты 800 миллионға арттырдық. Енді халық жеке меншік пен мемлекеттік балабақшаға да бірдей ақы төлейтін болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыстың шарапатын көріп отырған 3500 бүлдіршін балабақшада тәрбие алуда. «Алтын бесік» нысаны жеке меншік тұрғыда қызмет еткенмен мемлекеттік балабақшалардан бірде бір кем емес.

Наталья ГОЛОВИНА жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі

1080 орынға 18 маусымнан 18 тамызға дейін конкурс жүргізілуде. Жеке меншік балабақшалар конкурска қатысуға ниет білдіріп отыр. Жоспар аяқталысымен 1080 бүлдіршінді қабылдай бастаймыз. соңғы екі айда мемлекеттік тапсырыс артып отыр. Нәтижесінде тұрақты көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.

Жағдай тұрақты болғанмен, қаланың бірқатар аудандарында балабақша санының жетіспеушілігі байқалады. Оған Пришахтинскі, Майқұдық елдімекендері кіріп отыр. Пришахтинскідегі мәселе  қыркүйекте өз шешімін табады деп күтілуде. Оған екі жеке меншік балабақшаның ашылуы септігін тигізбек. Ал, 12,13,14 ықшамаудандардағы жайт әзірге еш өзгеріссіз қалып отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...