БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАСТЫ НАЗАРДА

16:45, 9 желтоқсан 2019

Дарынсыз бала болмайды. Әрбір отбасындағы бүлдіршіндерді тәрбиелеу арқылы шығармашылығын шыңдауға болады. Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында осылай деді

Бүгінгі қоғам- ғаламтор әлемінің пайдалы тұстарын ғана меңгермей, пайдасыз жақтарын да  игеруде. Мамандардың пікірінше, қандайда бір басқосуларда қонақтар ас мәзіріне шамалы уақыттарын бөліп, артынша үялы телефоннан көз алмайтыны ақиқат. Нәтижесінде, дастархан басында өзара пікір алмасу, ой бөлісу өзіндік маңыздылығын жоюда. Бұл, үлкен өмірге әлі аяқ баспаған баланың психологиялық тұрғыда ауыр соққы алуына да септігін тигізетінін ғалымдар айта бастады.. Онсызда, жасөспірімдердің өзі әлеуметтік желіден бас көтермей, байланып жатқаны жасырын емес. Бұл ойланарлық жағдай!!.  

Вячеслав МАЗИТОВ, «Шахтер» КМҚК-ның директоры:

-  Балаларды үйде отырып қалмай, өздерін жақсы сезінуі үшін арнайы үйірмелер бар. оларда,  патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, отбасы, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс секілі бастамалар қолға алынған. Балалар мен жасөспірімдерді ортаға бейімдеу, түрлі бағытта шығармашылығын шыңдауға  168 клубтық топтар жұмыс істейді.

Бала құқығын қорғау - қоғамның өзекті мәселесі.  Ол үшін білім ошақтарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, арнайы топ құрылған. Жұмыс тобының құрамында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мұғалімдер, психологтар мен  медицина қызметкерлері бар.

Гүлсім  ХАСЕНОВА, Қарағанды қалалық білім  бөлімінің  меңгерушісі:

- Төтенше жағдай туындаған кезде мектепішілік қауіпсіздік тобы жедел жұмысқа жұмылдырылады. Олардың жұмысы қылмыстың, бопсалаудың, балаларға жасалған қатыгездіктің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа ұшыраған бүлдіршіндерді  оңалтуға арналған.

Бүгінде, кәмелеттік жасқа толмағандарға ғана қысымдық көрсетіліп, қылмыстық жайттар орын алып жатқан жоқ. Жасөспірімдердің іс-әрекеттері де қоғамға қауіп төндірері анық. Биыл Керней кентіндегі арнайы білім беру мекемесінде оқушыға қатысты жайт анықталып, бала тәрбиесінде осалдық танытқан 11 адам, ата-ана  құқығынан айырылған.

Нұрлан ӘУБӘКРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-  Қанша бүлдіршінді балалар үйіне апарғанымыз, жұмысымыздың көрсеткіші болып саналмайды. Комиссия әлі де бұл бөлімде жұмыс істеуі керек. Ол шешімді жасайтын, анықтайтын және тексеретін органға айналуы жөн.

Нұрлан Әубәкіров әр балаға жеке көзқараспен қарау қажеттігіне зор мән беруге басымдық берді.  Ата-ананың немқұрайлылығы, назар аудармауы бүлдіршіннің өзін жайсыз, қоғамға қерексіз сезінуіне жол ашуы мүмкін.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар