«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ

17:14, 5 наурыз 2020

Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентіндегі тірек мектебі ресурстық орталығында «Бақытты отбасы» атты байқау өтті. Сайыста ата – аналар 5 кезең бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салды

Кеңарал Нөкербековтің отбасы - бұл жолғы  бәсекеден үздік шығуына үмітті. Отставкадағы полковник  отыз жылдан астам құқық қорғау саласында жемісті еңбек еткен. Ал жұбайы Бақытгүл Нарымбекова талай шәкірттің санасына ізгіліктің нұрын сепкен, ұлағатты ұстаз.Шаттығы жарасқан шаңырақтың отағасы мұндай сайыстардың әсіресе, жас ұрпаққа берер тәрбиелік тағылымдық мәні зор дейді.

Кеңарал НӨКЕРБЕКОВ, байқауға қатысушы:

-Байқауда өңкей кіл мықтылар қатысуда. Бірақ көп дайындалық. Жеңісті қолдан бермейміз. Менің екі қызым бір ұлым бар. Олардан 9 немере сүйіп отырмын. Отан отбасынан басталады деген мақал бар дана халқымызда. Бұл шараның танымдыө рөлі зор.

«Бақытты отбасы» байқауында ата-аналар 5 кезеңге сәйкес бағын сынады. Екі білім ордасының атынан бәйгеге түскен сайыста үлгілі жанұялар  алғашқы айналымда өздерін таныстырудан жарысты.Қатысушылар қазақтың  салт -дәстүрімізді дәріптеп, анаға құрметтің айрықша үлгілерін көрсетті. Үміткерлердің бірі тамылжыта ән шырқап, өн бойындағы өнерімен қазылар алқасын тәнті етті. 

Бақытгүл БЕДЕЛБЕКОВА, Шашубай кентіндегі тірек мектебі  ресурстық орталығы директорының орынбасары:

-Екі бірдей мектептер ата-аналар аянбай атсалысуда. Бақытта отбасы -дегенде көз алдымызға қайратты әке, мейірімід ана жадыраған бала келеді. Жобаның әсіресе жас ұрпақтың патриот болып қалыптасу жолында мәні зор.

Білім мен талант таразыға салынған байқауға қатысқан 9 отбасының арасында осалы жоқ.Асыл қасиеттерімізді ардақтай білетін ата-аналар  осы жолы тамаша тапқырлық танытты. Бұл рухани шара, алдағы уақытта -тірек мектебі  ресурстық орталығында  дәстүрлі түрде жалғасатын болады.Белсенділік танытып,доданың беделін арттырған барлық  жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  мақтау қағазадары және арнайы естелік сыйлықтар салтанатты түрде табысталды. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар