БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

17:47, 13 маусым 2019

Республикалық «Алтын сапа» және «Үздік тауар өндіруші» байқауына өтініш қабылданып жатыр. Биыл байқаудың талабы қандай, кәсіпкерлерге пайдасы қандай?

Биылғы жылы «Алтын сапа» байқауына жаңа номинация қосылды. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімін өндіру саласында 2 арнайы сыйлық беріледі.Ол үздік индустриялды және үздік инновациялық жоба деп аталады. Оған шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге ге дейін қаржылай сыйақы беріледі.

Ернар КҮЛПЕИСОВ, Кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі:

-Оған кез –келген бизнес өкілі қатыса алады. 4 номинация бойынша ол  "өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "қызмет көрсететін үздік кәсіпорын", "халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын" және "ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен өнімдерді шығаратын үздік кәсіпорын"

Қазір Қазақстанның үздік тауарөндірушісі байқауына да құжат қабылдау жалғасып жатыр. Жеңімпаздар аталмыш эмблеманы 4 жыл бойы өз тауарына жарнама ретінде пайдалана алады

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі:

-Кәсіпкерлер өз тауарлары үшін зор құлшыныспен қабылдады. Қатысушылар саны артып келеді. Бұл халықаралық байқауда бағын сынағысы келетіндерге  зор мүмкіндік.

Атап өткен жөн, кәсіпкерлер палтасында кәсіп ашақысы келетіндер  тегін кеңес ала алады. Кәсіпкерлер жолындағы кедергілерді анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізілген. 

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, кәсіпкерлер палатасы Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі:

-Жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне сауалнама алды Қазір өңірде 87 мың бизнес субъектісі бар. Қазіргі уақытта біз 50 % бизнес өкілін қамтдық. Сауалнама белсенді жүргізілуде. Бұл кәсіпкерлерде қандай қиындықтар туындағанын анықтау үшін және  кері байланыс орнату үшін жасалған.

Биылғы жылы Қарағанды облысы кәсіпкерлер арасында "Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесі 13 шілдеде Орталық саябақта өтеді.  Аймақтан жеңгендер республикалық байқауға барады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар