БАҒЫТЫ АЙҚЫН БАҒДАРЛАМА

13:21, 26 мамыр 2020

Шет ауданы қарасты Ақадыр кентінде мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарлы жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.Аталған елді мекендегі білім мекемелеріне жөндеу жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқын алды.Игілікті жобаның арқасында жергілікті жұрт еңбекке тартылып,әлеуметті әлеуеті әлденіп келеді

Ақадыр кентіндегі Тәуелсіз Қазақстан және Ағыбай батыр мен Байғозы батыр көшелеріне жаяу жүргіншілер жолының құрылысы осыдан бір апта басталған.Бұл бірінші кезекше  халықтың сұранысы.Жоспарлы істер «Еңбек –Нәтижелі  жұмыспен қамту  және жаппай кәсіпкерлікті  дамыту» бағдарламасының «Жол картасы  -2020» бағыты бойынша жүйелі жүргізіліп жатыр.Елді мекендегі 1 шақырым аумаққа тратуар төсеу үшін республикалық бюджеттен 12 миллионнан теңге бөлінген.Жауапты міндетті  жүзеге асыруды «Ақадыр Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сенімнің үдесіне сай атқару үстінде.

Дидар АМАНБАЕВ, «Ақадыр Сәулет» ЖШС-ның өкілі:

-Өнімдерді өзіміз өндіреміз. Жұмыстың сапасына кепілдік береміз. Осы жұмысымызыды енді, абыройлы аяқтауға жазсын.

Жаяу жүргіншілер жолының құрылысына жергілікті 3 адам жұмысқа тартылған.Солардың бірі Ақадыр кентінің тұрғыны Сембай Жакупов.Ол алысқа сабылмай, іргеден екі қолған бір күрек тапқанына дән риза. Өйткені құрылысшының  айлық табысы отбасына жетіп артылады.   

Сембай ЖАКУПОВ, жұмыскер:

-Мемлекетке бәріне ризамын. Айлығым тұрақты. Ешқандай мәселе жоқ.

Мұнда бірыңғай отандық материалдар қолданылуда. Сондықтан сапасына сөз жоқ. Бастысы бұл жердегі ілгерілеген ілкімді істерде кестеге сай жүргізіліп отыр.

Аталған мемлекеттік бағдарламаның аясында  кенттің келбеті күннен –күнге көркейіп келеді.Дәл қазіргі уақытта Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің  9 бірдей қол жуатын бөлмелері мен әжетхана жүйелері  жаңартылуда. Бұған республикалық қазынадан 7 миллион 300 мың қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар «Еңбек –Нәтижелі  жұмыспен қамту  және жаппай кәсіпкерлікті  дамыту» бағдарламасының «Жол картасы  -2020» бағыты бойынша Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектептің шатыры түгелдей  ауыстырылып жатыр.Бұдан бөлек елді мекендегі 4 көшенің жолдарына орташа жөндеу қызу жасалынуда.Қысқасы Ақадырдағы атқарылған ауқымды істер тірлігін төрге оздырып, ажарын ашатыны айқын.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар