АЖЫРАСУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

16:53, 12 қыркүйек 2019

Қазіргі таңда отбасылық құндылықты сақтап қалуға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде. Алайда, ажырасудың саны азаймай тұр. Сондықтан «NurOtan» партиясының қолдауымен « Бақытты отбасы» атты ресурстық орталық жобасы ашылған еді. Туындаған мәселелердің алдын алу үшін, барлық тараптар дөңгелек үстел алаңына жиналды

Қадиша ОСПАНОВА, «NurOtan» облыстық партиясы төрағасының орынбасары:

-Қарағанды облысында отбасыларды сотта қолдаудың ресурстық орталығын ашу жобасын жүзеге асыруды талқылаймыз бүгін. Осы айда Президенттің  халыққа жолдауы жарияланды. Негізгі маңызды мәселе ол – отбасылар мен балаларды қорғау жолдарын қарастыру.

2018 жылдың статистикасына сүйенсек, бас қосып үй болған отбасылардың саны – 10 800 болса, өкінішке орай соның 5100-і  ажырасып кеткен. Ал, ағымдағы жылы соттардың пайымдауынша, 104 шешім ажырасуға қатысты шешілсе, 140 жұп татуласып, қайта қосылған. Сот өкілдері былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ажырасу саны 20 пайызға ұлғайғанын айтады.

Динара МҰТҰБАЕВА, 3 Октябрь аудандық сотының судьясы:

-Октябрь аудандық сотында екі пилоттық ұлттық жобасы жүзеге асырылып отыр. Қолдану мерзімі ағымдағы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін. Осы екі пилоттық жобаға сәйкес сот істері азаяды. Даулар татуластырумен шешіледі.

Өз отбасына немқұрайлылық танытқан жанұядағы балалардың хал – жағдайын әлбетте психолог мамандар жақсы біледі. Олардың айтуынша, ажырасу процессінде жүрген бала ауыр соққыға душар болады. Екіншіден, мәмлеге келе алмай кеткен ата – ананың қысымына кездеседі. Сондықтан, баланы да қорғауға мүмкіншілік туып отыр.

Әсем ДӘУРЕНОВА, заңгер:

-Негізі біз ажырасу бойынша істелінген психологиялық көмек көрсету, медициналық көмек, сонымен қатар, бізде әлеуметтік қызметкерлер тағы бар. Балалармен жұмыс жасайтын, ат – аналарына көмек жасаймыз.

Медиация жолымен екі тарапты татуластырудан бөлек, отбасын бақытты ету үшін, жасалынған мына жобалар тегін қызмет ретінде  көрсетеді. Барлығын мақсаты бір – ол ажырасу санын азайтып, оған жол бермеу.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар