АЖАРЫ ҚАШҚАН АУЛАЛАР

17:54, 11 сәуір 2019

Қарағандылықтар сапасыз жөнделген аулаларға наразы. Тұрғындар шалшық су жиналатын кәріз құбырлары мен асфальт жабындыларының шыдас бермейтініне шағымдануда. Естеріңізге салайық өткен жылы ғана біраз аулалар қалыпқа келтірілген болатын

Бұл Кривогуза көшесіндегі 17 –ші үйдің ауласы. Аталған аумаққа былтыр жөндеу жұмыстары жасалған. Асфальт төселіп, жиек тастармен жарық шамдары  орнатылды.Тек Қазыбек би атындағы  ауданға тиесілі  50 аула абаттандырылды. Сондай-ақ Октябрь ауданындағы пәтерлердің маңыда айнадай етіп реттестірілді.

СНХ: Ләззат АҚЫЛЖАНОВА  Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары

-Бүгінгі күнге дейін  жолдың бетон жабындыларына  байланысты  бірнеше түсініктеме берілді. Барлық ескертпелер  кепілдік мерзімі арасында  мердігер ұйым тарапынан жойылады.

Ал жарықтандыру тіректеріндегі  метал қақпақтарды ұрлау жағы әзірге көбеймесе, азаяр емес.Өзекті  мәселе қазір өткір тұр.Өткен айда мердігерлер дәл осындай 10 данасын қайтадан қалыпқа келтіруге еріксіз мәжбүр болған.

Күллі кішігірім ескертулерді мердігерлер мүмкіндігінше қысқа мерзімде орнына келтіретіндеріне сендірді. Өз кезегінде комиссия құрылыс материалдарының жоғары сапасын айрықша атады. Олардың  барлығы негізінен  отандық өнімдер.

Арман ОЛЖАБАЕВ, мердігерлік ұйым  өкілі:

-Тұрғындар тарапынан  көбінесе пракингті кеңейтуге қатысты ұсыныстар келіп түседі.Шығар есіктің алдындағы жиек тастарға байланыстыда шағымдар бар. Мұндай жағдайлар әсіресе  мүмкіндігі шектеулі жандарға қиындық тудыратыны анық.

Сонымен қатар өткен жылы  Язев көшесіндегі 13-ші үйдің ауласыда мұнтаздай етіп жөнделді. Алайда осы көп пәтерде тұратын Александр Жижин жасалған жұмыстардың парқымен кәріз құбырының жоқтығы   көңілін көншітпейтінін айтады.

Александр ЖИЖИН, Язев көшесі 13-ші үй тұрғыны:

-Негізі асфальтқа алаңдаулымын.Ойдым –шұңқырда суға толы.Су ағарда жоқ.Жырым-жырым жолдар екі жылға ғана жетеді.

Зейнеткер Валентина Кукуеваныңда билікке айтар базынасы бар. Оның ауласына  қоқыс төгетін жақсы алаң мен балалар ойнайтын алаңқай  жеткіліксіз.Былтыр ғана демеушілер есебінен қойылған алаңқай  стандартқа сай келмейді –дейді, ардагер.Тіпті балғындар өздерін жарақаттапта алған.

Ләззат  АҚЫЛЖАНОВА, Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары:

-2018 жылы  кейбір жерлерге ойын алаңдары орнатылмай қалды.  Биыл ілкімді істі бюджет қаржысын үнемдей отырып, жүргізу жоспарлануда. Жол белгілерінде қоямыз.

Ағымдағы жылы аулаларды жөндеу жалғасады. Қазыбек би атындағы аудан бойынша 50 аула мен 5 гүлзардың ажары ашылады.Жоспарлы жұмыстар  мамыр айынан басталады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар