АЯЗДЫ КҮНДЕР КҮТІЛУДЕ

17:30, 5 ақпан 2019

Қарағандыда -45 градустық аяз болмақ. Қарағанды облысында алдағы күндері қатты аяз күтілуде. Атап айтқанда, сынап бағанасы -45 –ке дейін түседі деп ескертеді синоптиктер. Сарышұнақ аяз ертең басталып бір аптаға созылмақ

Бүгін толассыз жауған қар соңы сақылдаған сары аязға ұласады. Солтүстік пен орталықтың кейбір жерлерінде  қатты боран, секундына 15 метрге дейін жел еседі. Синоптиктердің болжамына сай  сынап бағанасы бүгін түнде -33 градусқа дейін  күрт төмендейді.  Ал ертең, 6 ақпан, облыстың орталық бөлігінде -45 градус болады  деп күтілуде.

Анастасия ГРЯЗНОВА, инженер-синоптик:

- Қазіргі уақытта біздің облысымызда және тұтастай бүкіл Қазақстан бойынша солтүстік-батыс циклон суық ауа массасын және температураның төмендеуін әкелді. Қазіргі кезде облыстың көп бөлігінде қар тәрізді жауын жауып жатыр.

Қаңтар айындағы жылы ауа температурасы ақпанның аязды күндеріне ауысады. Инженер-синоптик Анастасия Грязнованың айтуынша,  нағыз сары шұнақ аяз ақпанның соңы мен наурыздың басында болады деп болжануда.

Анастасия ГРЯЗНОВА, инженер-синоптик:

-Облыстың шығысында қар мен жел сақталады әлі де. Одан кейін Қарқаралы мен Ақтоғай ауданына барады. Сонымен қатар, облыстың солтүстік-шығысында температура -45 градусқа дейін төмендейді.

Ал,  құтқарушылар алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Жыл басынан бері 57 адам үсік шалып ауруханаға түскен. Алайда дауылды ескертуге қарамастан тұрғындар құтқарушылардың кеңесіне мән бермейді екен.

Жанна ДӘУРЕНБЕКОВА,  ТЖД баспасөз хатшысы:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтың тоқтатылу туралы хабарлама қалалық білім беру бөлімінің ресми сайтында жарияланады. Бүгін түстен кейін боранға байланысты кейбір бағыттар бойынша қалааралық жолдар жабылды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар